Фейк | Алматыда карантин күшейтілді

Соңғы сағатта almaty_city инстаграм парақшасында Алматы қаласы Бас санитарының “жаңа қаулысы” шықты деген ақпарат тарап жатыр. Инстаграм парақшаның жазуынша, “көптеген нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады” делінген. Ақпараттың шынайылығын Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Жандарбек Бекшин Алматыда карантиндік шектеулерді өзгертті…. Көптеген нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды..

тараған хабарламадан үзінді

Үкім: Фейк

Аталған ақпаратты Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жоққа шығарды. Департамент өкілінің хабарлауынша, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2 сәуірде шығарған “Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу жөніндегі шараларды күшейту туралы” № 15 қаулысы өз күшінде. Қаулы бойынша қаладағы кәсіпкерлік нысандарға карантин шараларын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Естен шығармаңыз! Жалған ақпарат таратқан тұлғаға не ұйымға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз!

Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор