Фейк | 13 шілдеден бастап вакцина ақылы болады

Әлеуметтік желіде 13 шілдеден бастап коронавирусқа қарсы вакцина егу ақылы болатыны жайлы хабарлама тарады. Аудио авторының айтуынша, вакцина салу құны шамамен 58 мың теңге болмақ. Ал вакцина алмаған тұрғындарға 87 мың теңге айыппұл салынады-мыс. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

13 шілдеден бастап вакцина ақылы болайын деп жатыр. Шамамен 58 мың теңге көлемінде. Ал вакцина алмағандарға 87 мың теңге айыппұл салынады.

WhatsApp желіде тараған аудио

Үкім: Фейк

Қазақстанда корнавирусқа қарсы ақылы вакцина салу заңдастырылмаған. Пандемияның кезінде вакцинаны үкімет сатып алып, халыққа тегін тараады. Сондықтан желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұған дейін де Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы ақылы вакцина егуге рұқсат етілмегенін айтқан.

Қазір ресми түрде Қазақстанға мемлекет айналымындағы вакцина жеткізілген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысқан жеке клиникалар Қормен келісімшартқа отырған. Олар азаматтарға ақысыз вакцина салады.

Алексей Цой

Цой ел аумағында вакцинаны сатқандарды анықтағанда міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Ол коронавирусқа қарсы вакцинаны сатуға рұқсат етілмегенін ескертті.

Контекст

  • ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.
  • Денсаулық сақтау министрлігі де вакцинациядан бас тартқан азаматтарға айыппұл салынатыны жайлы ақпаратты жоққа шығарған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz