Фактчек | Жамаубаев Қазақстанның 2020 жылғы экономикалық дамуы туралы

9 маусымда ҚР мәжілісінде сөйлеген сөзінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елдегі макроэкономикалық жағдайға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Тексеріп көрейік.

Мәлімдеме: Нақты ЖІӨ [2020 жылы] 2,6%-ға төмендеді. Бұған, негізінен, карантин шараларының енгізілуіне байланысты қызмет көрсету саласының 5,4%-ға төмендеуі әсер етті. Алайда экономиканың нақты секторы 2%-ға өсті. Атап айтқанда, құрылыс – 11,2%, ақпарат және байланыс – 8,7%, ауыл шаруашылығы – 5,6%, өңдеу өнеркәсібі – 3,9%. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,4%-ға төмендеді.

Ерұлан Жамаубаев

Үкім: Шындық

Шынында да, Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2020 жылы ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеді. Иә, қызмет көрсету секторы пандемия салдарынан айтарлықтай зардап шекті. Қызмет көрсету өндірісі 5,4%-ға төмендегенін отандық статистика да растайды. Көрсетілген қызметтердің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 94,6%-ға тең.

Дүниежүзілік Банктің Қазақстан экономикасы туралы баяндамасында айтылғандай, «2008-2009 және 2015-2016 жылдардағы дағдарыстармен салыстырғанда осы жолы қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті. Қозғалысты шектеу және әлеуметтік қашықтық шараларының сипаты жеке қарым-қатынасқа негізделген қызмет көрсету саласына теріс әсер етіп жатыр. Экономиканың құлдырауы локдауннан ең көп зардап шеккен салаларда шоғырланған, яғни қонақүйлер мен мейрамханалар, бөлшек сауда, туризм, демалыс орындары. Бұл ЖІӨ-нің жартысынан көбі…».

БАҚ пен ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл тұрғыда экономиканың нақты секторының өсуі дамудың қозғаушы күшіне айнала біліп, 2% өсім көрсеткен.

Бұл тұста айта кету керек, экономиканың нақты секторының барлық саласы өсті деуге келмейді. Мысалы өнеркәсіптік өнім өндірісі кері нәтиже көрсетті, яғни өндіріс көлемі 2019 жылғы 29380342 млн теңгеден 2020 жылғы 26743437 млн теңгеге дейін төмендеген. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 0,7%-ға қысқарды.

Төмендеу келесі салаларда тіркелген: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (3,7%-ға), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндірістік ластануды жою бойынша іс-шаралар (2,6%-ға), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және бапталған ауамен қамтамасыз ету (0,3%-ға).

Енді баяндамашы атап өткен салаларға тоқталайық.

  • Құрылыс: құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 11,2%-ға өсті.
  • Ақпарат және байланыс секторы өнімінің жалпы мәні 1 525 813 млн-ға тең. Осы саладағы көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 8,7%-ға өсті.
  • Ауыл шаруашылығы: Жалпы өнімнің нақты көлем индексі өткен жылға қарағанда 5,6-ға өсті.
  • Өңдеу өнеркәсібі: 2020 жылы 9 290 028 млн. Осы саладағы жалпы өнімнің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға өскен.
  • 2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі алдыңғы деңгеймен салыстырғанда 96,6% болды, яғни төмендеу 3,4%-ға тең. Бұған дейін 12576793 млн теңге (32859 млн АҚШ доллары) болды, кейін 12322652 млн теңге (29840,5 млн доллар).

Мәлімдеме: Зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін 700 мыңға жуық кәсіпкер салық ынталандыруымен және жеңілдік шараларымен қамтылған. 40 мыңға жуық жоба арзандатылған несие алды. Зардап шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80%-ы несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болды.

Ерұлан Жамаубаев

Үкім: Шындық және техникалық қате

Шындығы: Аталған шаралар туралы ресми дереккөздерде 2021 жылғы ақпанда хабарланған. Дағдарысқа қарсы шаралар пакеті аясында 700 мың кәсіпкер салық жеңілдіктеріне ие болды. Зардап шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80%-ы несие төлеуді кейінге қалдыру бойынша жеңілдіктерді пайдаланды.

Қатесі: Алайда премьер-министрдің сайтында пандемияға байланысты дағдарысқа қарсы шаралар аясында «кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы қаржыландырылды» деп нақты айтылған.

Қаржыландыру және жеңілдетілген несие деген сәл өзгеше ұғымдар. Бұл жерде әңгіме бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар туралы болып отырған секілді.

Анықтама үшін: Үкіметтің экономика мен халықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларының жалпы көлемі 6,3 трлн теңге болды. Бұл ЖІӨ-нің 9%-ына тең.

Мәлімдеме: Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде қалды.

Ерұлан Жамаубаев

Үкім: Шындық және Үкім жоқ

Шынында да, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша жұмыссыздық 4,9% деңгейінде.

Алайда:

Біз бұған дейін статистикалық есептеулердің ерекшеліктері, жіберілген қателіктер мен болашақта күтілетін жағдайлар туралы жазған едік. Сол себепті экономикалық жағдай соншалықты жақсы болмауы мүмкін деген болжам бар. Бұл тақырыпқа қатысты басқа БАҚ-та үн қосты. Айта кетейік, егер ресми мәліметтерге сенсек, 2020 жылғы пандемия кезіндегі жағдай 2013-2016 жылдармен салыстырғанда жақсы болған. Халықаралық валюта қоры Қазақстанның 2020 жылғы жағдайын бағалап, келесідей болжам ұсынады:

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz