Фактчек | Ұлттық экономика министрі Дәленов ШОБ дамуы туралы

6 қарашадағы үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сөз барысында:

«Жол картасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруда прогресске жеттік. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,4%-ға жетті… 2015 жылмен салыстырғанда ШОБ-пен айналысатын субъектілер саны 400 мыңға жетіп, 1,3 млн-ды құрады. Сонымен қатар ШОБ-тағы жұмысбастылық 300 мың адамға артып, 3,3 млн адамды құрады.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі

Министрдің мәлімдемелерін тексереміз.

Мәлімдеме: ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28,4%-ға артты.

Үкім: Шындық

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлік 2014-2018 жж. статистикалық жинағына қарай отырып, 2018 жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі расымен 28,4% болғанына көз жеткіздік. Осы тұста өсу қарқыны байқалады: 2015 жылы ЖІӨ-дегі үлес 24,9%, 2016 жылы 26,8%, 2017 жылы да 26,8%-ды құраған.

Фактчек | Ұлттық экономика министрі Дәленов ШОБ дамуы туралы
ҚР Статистика комитеті құжатының скрині. Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны жасыл түспен көрсетілген.

Мәлімдеме: 2015 жылмен салыстырғанда ШОБ-пен айналысатын субъектілер саны 400 мыңға жетіп, 1,3 млн-ды құрады.

Үкім: Жартылай шындық

Мәлімдеменің екінші жартысы шындық, ал біріншісі шындыққа мүлдем жанаспайды.

Сонымен, тағы да Статистика комитетінің мәліметінше (ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлік 2014 және 2018 жж. және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қыркүйек 2019, 1-том анықтамалықтарын қараймыз) жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 1 242 579 (2015 жыл), 1 241 328 (2018 жыл), 1 335 600 (2019 жылдың 1 қазаны) құрады.

Фактчек | Ұлттық экономика министрі Дәленов ШОБ дамуы туралы
Фактчек | Ұлттық экономика министрі Дәленов ШОБ дамуы туралы

Көріп отырғанымыздай, ұдайы өсуді байқап тұрған жоқпыз, 2016-2018 жж. ШОБ субъектілері 2015 жылмен салыстырғанда аз болды. 2019 жылға қатысты айтар болсақ, 2015 жылмен салыстырғанда субъектілер саны тек 93 021-ге артты, 400 мың емес. Дегенмен, 2019 жылы ҚР-да шынымен 1,3 млн жұмыс істеп тұрған ШОБ болды (тіпті одан көптеу).

Мәлімдеме: ШОБ-тағы

жұмысбастылар 300 мың адамға артып, 3,3 млн адамды құрады.

Үкім: Жартылай шындық

Құрауын – құрады, бірақ 300 мыңға артқан жоқ. Төмендегі суреттен байқағанымыздай, 2019 жылы жұмыспен қамтылғандар саны, шынында, дөңгелектеп алғанда 3,3 млн адамға жеткен. Егер нақты айтсақ, 019 жылдың 1 шілдесінде ШОБ-та жұмыс істейтіндер 2018 жылмен салыстырғанда сәл аздау болған. 2015 жылмен айырмашылыққа келер болсақ (егер министр осыны айтқысы келген болса), айналысатындар санының өсуі 2019 жылдың ортасында 2015 жылмен салыстырғанда тек 95 156-ны құраған. Ал 2014 жылмен салыстырғанда өсу біршама байқалады – 486 038.

Фактчек | Ұлттық экономика министрі Дәленов ШОБ дамуы туралы

Дегенмен ҚР-дағы ШОБ-тың даму динамикасы туралы толығырақ мына кестеден көруге болады:

Фактчек | Ұлттық экономика министрі Дәленов ШОБ дамуы туралы

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz