Фактчек | Қазақстанда ажырасу азайды

10 ақпанда Aikyn.kz сайтында “Қазақстанда ажырасу азайды” деген тақырыппен материал жарық көрді. Материалдың контекстіне үңілсек Қазақстанда бір жылда ажырасу 2,6 есе азайған, яғни пандемия отбасылық араздасуға қатты әсерін тигізбеген. Шынымен солай ма? біз тексеріп көрдік,

Мәлімдеме: Былдыр Қазақстанда 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу жағдайы тіркелген

Aikyn.kz

Үкім: Шындық әрі манипуляция

ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айында расымен де 87 594 неке және 17 302 ажырасу жағдайы тіркелген.

Алайда, бұл тұтас бір жылдың дерегі емес, яғни 9 айдағы мәліметті алып “Қазақстанда ажырасу азайды” деп мәлімдеме жасау – манипуляция.

2020 жылы Қазақстанда жалпы саны 128 838 неке тіркелсе, 22 514 ажырасу жағдайы тіркелген, яғни бір жылда тіркелген некенің 17,47%-і ажырасқан.

Мәлімдеме: Ажырасу бір жылда 2,6 есе азайды

Aikyn.kz

Үкім: Шындық

ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы 139 505 неке тіркелсе, 59 796 отбасы ажырасқан. 2020 жылы 22 514 ажырасу жағдайы тіркелгенін ескерсек, шынымен де бір жылда 2,6 есе азайған. (37,65%-ке азайған).

Дегенмен, мынаны да ескере кеткен жөн, неке саны 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 1,08 есе немесе 7,65%-ке азайған,

Соңғы 10 жылдың статистикасына қарасақ ажырасу едәуір азайған, бұған пандемия әсер етті ме әлде басқа ма ол әлі белгісіз.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz