Фактчек | Депутат Саиров Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы

17 ақпанда Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров елде кедейлердің өсіп келе жатқанын айтты. Депутаттың айтуынша, Қазақстанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар саны 1 миллион 65 мыңнан асты. Бұған дейін «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев осындай сауал қойған. Factcheck.kz депутаттың сауалын тексеріп көрді.

Ресми деректер Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 млн 65 мың адамнан асқандығын көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда кедейлік деңгейі 21 пайызға өсіп отыр.

Үкім: Шындық

Статистика комитетінің дерегінше, 2020 жылдың 3 тоқсанында елдегі күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 5,7% немесе 1 065 179 адам болған. Ал 2019 жылы осы кезеңде 4,5% немесе 843 042 адам болған. Расымен де, 2019 жылдың үшінші тоқсанынан 2020 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі аралықта кедей азаматтардың саны 21 пайызға өскен.

Кедейліктің мұндай деңгейін Статистика комитетінің әдіснамасын қолдансақ ғана байқаймыз: Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне (бір адамға айына 32668 теңге) негіздеп есептейді. Егер БҰҰ немесе Дүниежүзілік банк стандарты бойынша есептесек, кедейлік шегінен төмен адамдардың саны екі-үш есе көп (2016 жылы 6 есе көп болған).

Оқырмандарға түсінікті болу үшін төмендегі кестеде 2019 және 2020 жылдың III тоқсанындағы кедейлік шегінен төмен (бір адамға айына 22 868 теңгеден төмен) тұратын азаматтардың пайызы бойынша деректер келтірілген.

Фактчек | Депутат Саиров Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz