Шындық| Дүниежүзілік банк: Қазақстанда кедейлер саны көбейді

Мамыр айының соңында Factcheck.kz «Қазақстанда ауқатты азаматтар көп пе?» деген мақала жариялаған болатын. Бұл мақаладан кейін «Еліміздегі  кедей топқа жататын халық саны қанша?» деген сұрақ туындады.

 2017 жылғы мамырдың 17-сі күні Дүниежүзілік банк өз сайтында «Қазақстан – Экономикасы оңала басталды: Ары қарай не болады?» атты баяндамасын жариялады. Осы құжатқа сүйенсек, 2016 жылы Қазақстандағы кедейлік деңгейі 19,8% болған (халықтың жалпы санынан алған кедей азаматтар саны).  

Шындық| Дүниежүзілік банк: Қазақстанда кедейлер саны көбейді
Скриншот Дүниежүзілік банк сайтынан

Үкім: Шындық

2015 жылмен салыстырғанда, кедейлер саны 3%-ға жеткен. Сарапшылар мұны 2016 жылы төмендеп кеткен халықтың табысы мен теңгенің құнсызданып, инфляцияның 14,6% -ға жеткендігімен түсіндіреді. Осының салдарынан халықтың сатып алу мүмкіндігі төмендеген.

 
Ресми статистика

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметіне жүгінсек, кедей азаматтардың саны республика бойынша 3%-дан аспайды және жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Ең кедей қазақстандықтар Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. 2016 жылы олардың көрсеткіші 5,1% және 3,4% болған.  

Шындық| Дүниежүзілік банк: Қазақстанда кедейлер саны көбейді
Скриншот stat.gov.kz сайтынан

Көрсеткіштердің мұндай айырмашылығын сарапшылар кедейлікті анықтаудың әдіс-тәсілімен байланыстырады. Қазақстандық шенеуніктер кедейлік деңгейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықтайды, бүгінгі таңда бұл 9784 теңге (яғни, күніне 1 доллар немесе айына 30 доллар). Халықаралық ұйымдар кедейлер санын БҰҰ талабымен анықтайды, яғни олар кедейлер қатарына күніне 5 доллар, айына 150 доллар жұмсайтын адамдарды жатқызады. 

Сарапшы пікірі

Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші маманы Айман Жүсіпованың айтуынша: «Қазақстандағы кедейлер санын қайта есептеп шығу керек. Себебі ресми дерек бүгінгі күн талабына сай келмейді және кедейлік мәселесін шешуді емес, оны статистикалық әдіспен азайтуды көздейді».

Шындық| Дүниежүзілік банк: Қазақстанда кедейлер саны көбейді
Скриншот Айман Жүсіпованың баяндамасынан алынған
Factcheck.kz