Фактчек | COVID-19 вакцинациясының Израильдегі жетістігі

Дүниежүзі елдерінде кең ауқымды коронавирусқа қарсы вакцинация басталғаннан бері Израиль мысалы БАҚ пен әлеуметтік желілерде жиі айтыла бастады. Ел вакцинациялауды өте сәтті жүргізіп жатыр, солайша пандемиядан бірінші болып шығады деп болжанып отыр.

Дегенмен вакцинация жетістігі туралы хабарламаларда қателер де кездесіп тұрады.

Фактчек | COVID-19 вакцинациясының Израильдегі жетістігі
PORNSTAT/статистика Telegram-каналы жазбасының скриншоты

Мысалы, жоғарыдағы жазбада Statista.com сайты мақаласына сілтеме жасай отырып, Израиль коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдар саны бойынша әлемде бірінші орында екені және халықтың жартысынан көбі қазірдің өзінде толық вакцинацияланғаны жазылған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының жаңа дерегі нөлге дейін төмендегені айтылады.

Үкім: Техникалық қате және манипуляция

Израильдіктердің 50%-тен астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғаны рас, бірақ вакцинацияланғандар саны бойынша Израиль әлемде бірінші орында емес. Израиль халық санына қатысты вакцинация алған азаматтардың үлесі бойынша көшбасшылардың бірі болып отыр. Вакцинацияланған адамдардың абсолют санына келетін болсақ, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Ол мақаланы жазып жатқанда жаңа инфекция жұқтырғандар саны «нөлге жетті» деп айту ертерек, бірақ кесте бойынша мұндай әсер қалыптасуы мүмкін. Жыл басынан бері ауруға шалдығу айтарлықтай төмендегенімен, Израильде күніне жүзден астам дерек тіркеліп жатыр.

Айта кетейік, постта графикасы қолданылған Statista.com-дағы мақала авторы мұндай мәлімдеме жасамайды.

Толығырақ

Our World in Data ғылыми мәліметтер базасы дерегі бойынша, Израильде халықтың 57%-і қазірдің өзінде толық вакцинациядан өткен (яғни екі дозамен). Осы жағынан бұл ел вакцинация деңгейі бойынша көшбасшылардың бірі болып отыр. Іс жүзінде, Израильге қарағанда халықтың көп бөлігі Гибралтарда вакцинацияланған (шамамен 90%). Дегенмен бұл Ұлыбританияның солтүстік аумағындағы халық саны шамамен 35 мың адам екенін ескеру қажет.

Негізінде, Израиль вакцинацияланған адамдар саны бойынша көшбасшы бола алмайды, өйткені бұл елде 9 миллионнан сәл астатын адам тұрады, ал АҚШ-та осы мақаланы жазу кезінде, мысалы, 120 миллионнан астам адам вакцинацияланған. Дегенмен вакцинацияланған адамдардың халық санына қатысты үлесін алатын болсақ, онда Израиль АҚШ-ты басып озады.

COVID-19 инфекциясының жаңа дерегіне келер болсақ, Израильдегі аурудың «нөлге түсуі», сондай-ақ өлімнің нөлдік деңгейі туралы айту ерте, бірақ жалпы ауырып жатқандар саны азайып келеді. Маңызды цифроарды Our World in Data деректер базасынан немесе Джонс Хопкинс университетінің COVID-19 туралы арнайы сайтынан қарауға болады.

13 сәуірдегі жағдай бойынша Израильде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 176 дерегі тіркеліп, аурудан 5 адам қайтыс болды.

Контекст

Бұған дейін біз депутат Ирина Унжакованың Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы вакцинация сәтсіздігі және басқа елдерде вакцинация қалай жүріп жатқаны туралы бірнеше мәлімдемесін тексерген едік.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz