Фактчек | Смайылов Ресей және Белорусьпен ортақ тауарайналым туралы

5 ақпанда ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов соңғы үш жылда Қазақстанның Белорусь және Ресеймен ортақ саудасы 25%-ға, яғни, 16 млрд доллардан 20 млрд долларға өскенін мәлім етті.

Үкім: Техникалық қателік

Нақтырақ айтқанда – мүлдем шатасу. Оқиға үкімсіз. Тіпті анекдот деуге болады. Бәрі спикер айтқандай емес, бірақ оны толығымен жоққа шығара да алмаймыз.

ҚР ҰЭМ статистика комитеті, сонымен қатар, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті Қазақстанның Белорусь және Ресеймен ортақ саудасы туралы мынадай ақпарат берген:

Фактчек | Смайылов Ресей және Белорусьпен ортақ тауарайналым туралы

2019 жылдың 12 айына арналған толық статистика қолжетімсіз болғандықтан, қолда бар мәліметтерді қарастырайық. Көріп отырғанымыздай, егер біз 2016 жыл туралы айтсақ, көрсеткіштер 13,1 млрд долларға енді жеткен, ал министр ортақ сауда өсімін салыстырғанда 2017 жылды негізге алса, шынайы сандар министр айтқан мәліметтерден миллиардқа асып кетті.

2018 жылы тауарайналым 20 млрд-қа аздап жетпей қалған (800 миллиондай), 2019 жылдың толық қорытындысы кешірек жарияланады, сол себепті ешқандай пікір айта алмаймыз. Бірақ ең қызығы, егер 16 млрд пен 20 млрд-ты салыстырсақ, өсім 25% емес, 20%-ды құрайды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz