Facebook қалай және қайдан вакцина салуға болатынын арнайы стикермен көрсетеді

Facebook және Instagram әртүрлі елдердің қолданушыларына вакцинаны қашан және қайдан салуға болатынын көрсетпек. Сонымен бірге, қабылдауға жазылу үшін арнайы сілтемелер болады. Бұл туралы RBC сайты хабарлады.

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша, бұл функция көмегімен әртүрлі елдердің қолданушылары коронавирусқа қарсы вакцинация туралы ақпаратты біле алады. Бұл механизм Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде қатар қолданылмақ.

«Біз бүгін 50 миллион адамға COVID-19 вакцинациясын салдыруға кеңес беретін жаһандық науқанды бастаймыз. Қазір көптеген елдер вакцинацияға көшіп жатыр. Біз бәріне вакцинацияны түсіндіретін функцияларды іске қосқалы жатырмыз», – деді Цукерберг.

Бұған дейін, Facebook желісінің жаңа ережесіне сай коронавирус вакцинасына байланысты жалған ақпараттар өшірілетіні хабарланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz