Facebook коронавирус вакцинасына байланысты жалған ақпаратты өшіреді

Facebook желісінің жаңа ережесіне сай коронавирус вакцинасына байланысты жалған ақпараттар өшіріледі. Егер жарияланған материалдар денсаулық сақтау органдарының ресми мәліметтеріне сай жазылмаса, модератор фейкті өшіреді. Бұл туралы ТАСС сайты хабарлады.

Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен жетекші медициналық ұйымдарымен ақылдасып, коронавирус пен вакцинаға қатысты жалған мәлімдемелердің тізімін дайындаймыз. Жалған ақпараттардың тізіміне коронавирусты қолдан жасалды, вакциналар тиімсіз, вакцинациядан гөрі ауырған дұрыс, вакциналар қауіпті, улы немесе аутизмді тудыруы мүмкін деген пікірлер кіреді”, – делінген хабарламада

Әлеуметтік желі Денсаулық сақтау органдарының сайттарына сілтеме қойып, вакцинацияға қалай және қайда жазылуға болатындығы туралы ақпарат көрсетеді. Алдымен мұндай қызмет АҚШ-та іске қосылады. Мұндай функция кейін басқа елдерде де жұмыс жасайтын болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz