ЕТК деңгейі жануарларға бөлінетін ақшадан аз ба?

23 қыркүйекте sn.kz сайтында “Күніміз ешектен төмен болып тұр” деген тақырыппен материал жарық көрді. Материалда Ержал Тәліп есімді Facebook қолданушысының жазбасына сілтеме көрсеткен. Жазба төмендегідей:

Ержан Тәліптің өзі “Шолпан Исмайлова деген фыбышының (Facebook қолданушысының) жазуынша” деп келтірген. Біз Graph.Tips скрипті арқылы тексеріп қарағанымызда “Шолпан Исмайлова” есімді 35 аккаунтты таптық, бірақ олардың біреуі де бұл туралы жазбаған. Factcheck.kz сайты ақпараттық рас-өтірігін тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Зообақта кірпіге айына 26 мың, ешекке 28 мың бөлінеді екен

Sn.kz (Ержан Тәліп)

Үкім: Жалған жане манипуляция

Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының “Алматы хайуанаттар бағы” КМҚК-нің ресми мәліметінше, кірпіге айына 3480 тг бөлінеді, ал тәулігіне барлық жануарлар рационын орта есеппен шығарса, 1 бас жануарға 169 тг жұмсалады. Ол дегеніміз 169х30 =5070 тг.

DOC007

Егер кірпіге күніне бөлінетін 116 теңгені 30-ға көбейтсек 3480 тг шығады. Бұл Ержан Тәліп жазған 26 мың теңгеден 7 есе аз, яғни қолданушы манипуляция жасап отыр.

Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының мәліметі бойынша 2019 жылы жануарлар күтіміне, яғни азықтандыруға жергілікті бюджеттен 159 млн 582 мың теңге бөлінді. Бұдан бөлек қосымша өз қаражат есебінен 50 млн теңге тағы бөлінеді. Бір породокс, ҚР “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңының 56-бап 4-тармағы бойынша бұл процеске мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

Мәлімдеме: Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 мың теңге

Sn.kz (Ержан Тәліп)

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Статистика комитетінің ресми дерегіне қарайтын болсақ қыркүйек айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 759 теңгені құрады.

2019 жыл басынан бері ең төменгі күнкөріс деңгейі 4844 теңгеге өсті.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz