Досье: өзін «мРНҚ вакцинасын жасаушы» дейтін Роберт Мэлоун

2021 жылдың жазында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде доктор Роберт Мэлоунға тиесілі коронавирусқа қарсы вакциналар қаупі туралы көптеген мәлімдеме тарады. Көптеген ақпарат көзі (Роберт Мэлоунның өзі де) докторды «мРНҚ вакциналарын ойлап тапқан» деп санайды. Оның мәлімдемелері батыс ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланады, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі посттар мыңдаған қаралым жинады. Жақында олардың кейбіреуі ТМД-ның интернет кеңістігінде белсенді түрде тарала бастады.

Factcheck.kz редакциясы доктор Роберт Мэлоунның кім екенін, оның мРНҚ технологиясын ойлап тапқаны және оның вакцина қаупі туралы айтқаны қаншалық рас екенін анықтады.

Қысқаша қорытынды:

  • Роберт Мэлоун – пандемия кезінде коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты танымал болған көп жылдық тәжірибесі дәрігер.
  • Роберт Мэлоун – пандемия кезінде коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпараттың таралуы арқылы танымал болған көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер.
  • Ол өзін Pfizer мен Moderna технологиясы арқылы мРНҚ вакцинасын жасаушы деп атайды, бірақ іс жүзінде олай емес. 1980-жылдар соңында ол осы технологияны зерттеді, бірақ оның нәтижелері мРНҚ-ның толыққанды вакциналарын құрудан өте қашық еді.
  • Мэлоун коронавирусты күйдіретін препаратпен және паразитке қарсы ивермектин арқылы емдеуге қатысты зерттеулерге араласты, олардың біреуі тіпті мемлекет тарапынан қаржыландырылды. Ғылыми қауымдастық бұл еңбектерді ғылыми емес және күлкілі деп санады.
  • Оның вакциналар қаупі мен тиімсіздігі туралы айтқандарының барлығы дерлік бірнеше рет жоққа шығарылған жалған және манипуляция дәлелдеріне негізделген.
  • Қазір оның жеке консультация компаниясы бар, ол қызметтердің кең спектрін ұсынады: жеке медицина кеңесінен мемлекеттік тапсырысқа дейін.

Роберт Мэлоун: қысқаша өмірбаяны

Robert W Malone, MD on Twitter: "Good to know: reported ground truth in Israel… "

Роберт Уоллес Мэлоун – 20 жылдан астам тәжірибесі бар америкалық вирусолог және иммунолог. Дэвистегі Калифорния университетін бітіріп, Иллинойс штатының Солтүстік-Батыс университетінде магистр дәрежесін алған. Оның жұмысы мРНҚ технологияларына, фармацевтикалық әзірлеуге және дәрі-дәрмектерді репропозиционды зерттеулерге бағытталған.

Ол АҚШ-тың бірнеше университетінде жұмыс істеді. Мысалы, Дэвис Калифорния университетінде, Мэриленд университетінде және Кеннесоу мемлекеттік университетінде. Ол сонымен қатар вакциналар жасау үшін әртүрлі фармацевтикалық компанияда жұмыс істеді және АҚШ үкіметінің қаржыландыруымен Зика вирусын емдеуге қатысты.

Қазіргі уақытта ол Вирджиния штатындағы Мэдисон қаласында тұрады және өзінің консалтинг фирмасын басқарады. Уеб-сайтта көрсетілгендей, Мэлоун әйелі Джилмен бірлесіп құрған компания жеке медицина кеңесінен бастап, мемлекетпен ғылым мен медицинада ынтымақтастығына дейінгі үлкен практикамен айналысады.

Ол еңбек жолында иммунология саласында көптеген зерттеу жазды. Google Scholar мәліметі бойынша, оның зерттеулеріне 12 000-нан астам рет сілтеме жасалған. Бірақ оның бірқатар зерттеуі алдын ала болып саналады және сараптамалық қорытындыдан өтпеген.

Ол 1,26 мың жазылушысы бар өзінің YouTube каналын жүргізеді және қазіргі заманғы медицинаға арналған подкастарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және YouTube-тің басқа жобаларында жиі қонақ сарапшы болып қатысады. Бұл туралы оның сайтында жеке бөлім берілген.

Роберт Мэлоунның мРНҚ вакцинасын ойлап тапқаны рас па?

Мэлоун жеке сайтында да, әлеуметтік желілердегі аккаунттарда өзін мРНҚ вакциналарын ойлап тапқанын айтады. Вакциналар қаупі туралы жалған ақпарат тарататын әртүрлі ақпарат көзі де оның дәл сондай еңбек сіңіргенін жазады. Алайда бұл дұрыс емес. Бұл тезисті шетелдегі әріптестеріміз бен ғалымдарымыз бірнеше рет жоққа шығарды.

1989 жылы ол «Катионды липосомалық медиациялы РНҚ трансфекциясы» деген мақала жариялады. Бұл зерттеуде ғалым ақуыз жасау үшін липосома қорғайтын мРНҚ бөлшегін жасушаларға ауыстыруға болатынын анықтады. Бір жылдан кейін ол зертханадағы тышқандарға тәжірибе жүргізді.

Қазіргі мРНҚ вакциналары мРНҚ-ны адам жасушаларына жеткізетін сол әдісті қолданады. Алайда  Мэлоунның зерттеулерін «мРНҚ вакциналарының ойлап табылуы» деп санауға болмайды. Өйткені бұл бөлшек ұзақ уақыт бойы жасушаларда болып, қалаған ақуызды өндіруі қажет. Ал Мэлоун зерттеулерінде оған қол жеткізе алмады. Сонымен қатар, мРНҚ денеге енгенде қабыну реакциясын тудырды және бұған жол бермеудің жолын табу қажет болды. Мэлоунның бұл мәселені шешуге еш қатысы жоқ.

Осылайша, Мэлоунның мРНҚ зерттеу саласына үлес қосқаны рас, бірақ бұл оны мРНҚ вакциналарын ойлап табушы етпейді.

Шын мәнінде, мРНҚ вакциналарына платформа жасағандар – ғылым кандидаты, биохимик және BioNTech-тің аға вице-президентінің қазіргі орынбасары Каталина Карико және оның әріптесі иммунолог Дрю Вайсман. Карико синтетикалық хабарлаушы РНҚ-ны 40 жылдан астам уақыт зерттеді. Ол мРНҚ арқылы оршанизмнің көптеген ауруға қарсы антиденелер шығара алатынына сенімді болды, бұл вакциналар жасауға да көмектеседі.

1998 жылы ол Пенсильвания университетінің медицина профессоры, иммунолог Дрю Вайсманмен кездесті және олар ғылыми ынтымақтастыққа кірісті. 2020 жылы жаһандық коронавирус пандемиясы басталғалы олардың мРНҚ технологиясы бойынша зерттеулері АҚШ-та қолдануға рұқсат етілген алғашқы екі COVID-19 вакцинасын жасауда шешуші роль атқарды.

Бүгінде Карико мен Вайсман мРНҚ терапиясы мен вакциналарды жасаудағы жаңашыл еңбектері үшін кеңінен танылды. Олар биыл бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам вакцинацияланып жатқан вакциналар негізін қалаған ғылыми жаңалықтар үшін марапатталды.

Мұндай әшкерелеу желіде пайда бола бастағаннан кейін Роберт Мэлоун тіпті Logically фактчекинг басылымына хабарласып, олардың тұжырымына қарсы шықты. Хатта өзінің мРНҚ вакцинасын емес, «вакциналар жасаудың технологиялық платформасын» ойлап тапқанын мәлімдеді. Ол фактчекерлерге тоғыз патентінің көшірмесін жіберді. Басылым патенттерді тексерді. Патенттердің ешқайсы Мэлоунның мРНҚ вакциналарын ойлап тапқанын дәлелдеген жоқ. Мэлоун мен оның ізбасарларының ол туралы «мРНҚ вакциналарын ойлап тапқаны» ретінде жазуды жалғастыруына не кедергі болмайды?

Роберт Мэлоун және COVID-19-ға қарсы препараттарды зерттеу

Пандемия басталғанда Роберт Мэлоун коронавирус инфекциясына қарсы тиімді деп санайтын әртүрлі препаратты зерттеумен айналысты. Алайда олар ғылыми қауымдастық тарапынан үлкен сынға ұшырады.

2020 жылдың басында Мэлоун әйгілі күйікке қарсы препарат (фамотидин) COVID-19 емі бола алатын-алмайтынын зерттеу үшін АҚШ үкіметі қаржыландыратын құны 21 миллион долларға жуық зерттеуге қатысты. Ол фамотидин тиімділігі мен қауіпсіздігіне сенгені сонша, вирус жұқтырған кезде оны өзі қабылдады. Кейінірек ол өзінің LinkedIn парақшасында дұрыс дозаны анықтағанын және «өзін емдеуге бірінші болып дәрі қабылдағанын» жазды.

Бір топ ғалым Northwell Health медицина желісімен бірге препараттың клиникалық сынақтарын бастады, бірақ Мэлоун зерттеу басталғаннан кейін көп ұзамай топтан кетті. Нәтижесінде, күйікке қарсы дәрі-дәрмектің COVID-19-бен күресуге болатынын көрсететін дерек жарияланған жоқ. Үкімет ғалымдары бұл эксперименттерді ғылыми емес деп атады және оларға мұндай үлкен сома бөлу мағынасыз ысырап болғанын айтты.

Кейінірек ол басқа ғалымдармен бірге Frontiers in Pharmacology басылымын арнайы шығарылымға шақырды, паразиттерге қарсы ивермектин препаратының коронавирус инфекциясына қарсы тиімділігі туралы бақылау зерттеулерін жариялады. Мэлоун мен эксперт тобы қонақ авторлар ретінде сөз сөйледі. Алайда журнал редакторлары бұл материалдардың тиімділігі туралы ғылыми деректердің болмауына байланысты олардан бас тартты. Ғалымдар көп ұзамай отставкаға кетті.

Дезинформация тарату

Роберт Мэлоун пандемия кезінде баламалы ақпарат көздері мен әлеуметтік медианың арқасында танымалдылыққа ие болды, онда ол COVID-19 вакциналары туралы көптеген жалған ақпарат таратты.

Жақында LinkedIn іскерлік әлеуметтік желісінің сайты оның аккаунтын өшірді, себебі ол коронавирусқа қарсы препараттар туралы «жаңылыстыратын немесе нақты емес ақпарат» жариялады. Мэлоунның өзі жарнама премиумына жазылу үшін ақы төлегенін және бұл «ерікті және еріксіз әрекеттер» оның бизнесіне нұқсан келтіргенін айтты. Бір аптадан кейін Мэлоун LinkedIn-ден кешірім хатын алғанын және оның аккаунты қалпына келтірілгенін айтты. LinkedIn-де Мэлоу, басқа әлеуметтік желілер сияқты, өзін мРНҚ вакцинасын ойлап тапқан деп атайды.

Factcheck.kz редакциясы оның бірнеше мәлімдемесін тексерді. Олардың көпшілігін әріптестеріміз жоққа шығарды.

Пікір: «Біздің ағзамыз мРНҚ вакциналарының әсерінен иммунитетті қалыптастыру процесінде шығаратын ақуыз дене жасушаларына улы әсер етеді және оларды зақымдауы немесе тіпті өлтіруі мүмкін».

Роберт Мэлоун, DarkHorse подкасты

Үкім: Жалған және Манипуляция

Манипуляциясы мынау: бұл фейк мамыр айының соңында интернетте таралды. Содан кейін америкалық иммунолог Байрам Бридл вакцина шығаратын ақуыздың белоктары улы және жүрек-қан тамырлары аурулары мен бедеулікке әкелуі мүмкін деп мәлімдеді. Ол өзінің нәтижелері Жапонияның фармацевтикалық және медициналық құрылғылар агенттігінің мақаласында расталғанын мәлімдеді. Алайда құжат авторлары мұны жоққа шығарды.

Жалғаны мынау: ғалымдар вакцинаны қолданғаннан кейін шығарылған ақуыздың ағзаға улы болуы мүмкін екеніне ғылыми дәлел жоқ екенін бірнеше рет растады.

Байрам Бридл сілтеме жасаған құжаттың төменгі деректемесінде «PFIZER CONFIDENTIAL» тіркесі бар. Бұдан автор бұл ақуыздардың қаупі туралы айтылған компанияның ресми мәлімдемесі деген қорытындыға келді. Алайда әзірлеуші өкілі Reuters агенттігіне бұл файл жалпы техникалық құжат (CTD) екенін растайды.

Фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектер мен вакциналар мақұлданғанға дейін Еуропалық экономикалық аймақтың, Жапонияның және АҚШ-тың реттеуші органдарына CTD ұсынуы қажет. Pfizer бұл CTD-ді жапон ұйымының бағалауына жіберді. Нәтижесінде вакцина 2021 жылдың ақпанында сертификатталды.

«Біз құжатта ағзада сақталатын қауіпті токсиндерге алып келеді дейтін вакцинадан алынған ақуыздар туралы айтылмағанын растай аламыз, бұл мәлімдеме дұрыс емес», – деді баспасөз хатшысы. 

Оксфорд университеті зерттеулері ақуыз инъекция орнының айналасындағы жасушалардың бетінде қалатынын және дененің басқа бөліктеріне қан арқылы өтпейтінін көрсетеді. Осыған байланысты дененің әртүрлі бөлігіне теріс әсер ету мүмкін емес. Мүмкін бұл белоктардың 1%-і қанға жететін шығар, бірақ олар бауыр ферменттерінің әсерінен тез ыдырайды.

Ағылшын тілінде оқитындар үшін біз фармаколог Сабина Вохра-Миллердің инфографикасын ұсынамыз, онда вакцина шығаратын ақуыздар неліктен зиянсыз екенін түсіндіреміз.

Пікір: «Вакцинаны қолданғаннан кейін антиденеге тәуелдікті күшейту (ADE) деп аталатын эффект бар екенінің дәлелі бар. Оның мәні – вакцина егілгендерге вирустың жұқпалылығы мен тиімділігін тудырады».

Роберт Мэлоун, War Room: Pandemic подкасы

Үкім: Жалған

Дәрілік заттарды жасау кезінде вакцина әзірлеушілер вакцина теріс әсер тудыруы мүмкін деп ойлады, сондықтан олар қауіпті азайту үшін SARS-CoV2 бойынша алғашқы зерттеулерді қарады. Нәтижесінде адамдар мен жануарларға жүргізілген клиникалық зерттеулер коронавирусқа қарсы вакцина ондай әсер тудыра алмайтынын көрсетті және қауіпсіз екенін дәлелдеді.

Вакциналарды әзірлеу кезінде де ғалымдар антиденелерге тәуелдік күшеюінің (ADE) ықтимал қаупіне алаңдады, өйткені препараттар жылдам жасалған еді.

Мұндай қауіпті болдырмау үшін вакцина жасаушылар қытайлық ғалымдардың коронавирус инфекциясына байланысты ADE мүмкіндігін қарастырған зерттеуін қарады. Бұл вакцина дамуының бастапқы кезеңіндегі қауіпті азайтты. Бұл оларды жасау кезінде маңызды шешімдерге әсер етті.

ADE анықтау үшін жануарларға да зерттеу жүргізілді және вакциналарды сынау кезінде ғалымдар клиникалық зерттеулерге қатысушыларды COVID-19-ға қарсы вакцинаны кандидатарға сынау кезінде құбылыстың кез келген белгісін мұқият бақылап отырды. Нәтижесінде, COVID-19-ға қарсы вакциналар жануарларға да, адамдарға да сынағада ADE белгілерін көрсетпеді.

Көптеген зерттеу де барлық мақұлданған COVID-19-ға қарсы вакцина аурудың ауыр ағымдары мен өлімнің алдын алуда тиімді екенін көрсетті. Бұл ғылыми жұмыстарды халықаралық реттеушілер де растады. Сонымен қатар, ғалымдар толық вакцинацияланған адамдарда инфекциялар сирек кездесетінін және вакцина алмағандарға қарағанда жеңіл симптомдар тудыратынын бірнеше рет дәлелдеді.

Фармацевтика саласындағы дәрі-дәрмектерді клиникаға дейінгі зерттеумен айналысатын медицина химигі Дерек Лоу вакциналар денеде мұндай өзгерістер тудыруы мүмкін екеніне нақты дәлел жоқ екенін айтты.

Пікір: «ДДСҰ маска тағудың маңызды екенін жариялады, өйткені вакциналардың ешқайсы инфекцияның алдын алмайды»

Роберт Мэлоун, The Epoch Times

Үкім: Манипуляция

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары толық вакцинацияланған адамдар да вакциналардың тиімсіздігіне байланысты емес, коронавирустың дельта нұсқасының таралуы кезінде маска тағуды жалғастыруы керек екенін мәлімдеді. Кейінгі зерттеулер тіпті вакцинацияланған адамдар да вирустың бұл нұсқасын таратуы мүмкін екенін көрсетті, сондықтан маска режимін сақтау туралы шешім қабылданды. Алайда бұл вакциналардың пайдасыз екенін білдірмейді.

ДДСҰ пандемияның аяқталмағанын, коронавирустың мутацияға ұшырап жатқанын және антиденелерді айналып өтуді үйреніп жатқанын еске салудан жалықпайды. Жоғары трансмиссиялық дельта нұсқасы Еуропада да, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде де – Оңтүстік Кореядан Австралияға дейін жаңа толқын тудырып жатыр.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом брифингіде жаңа нұсқалардың пайда болуы вакцинация мен жеке қорғаныс шараларын қатар қолдануды қоса алғанда, «біздің қолымыздағы барлық құралды қолданудың маңызын арттыратынын» айтты.

Жақында АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) басшысы Рошель Валенски вакцинацияның толық курсын аяқтаған кейбір адам дельта нұсқасын басқаларға, соның ішінде вакцинацияланбаған адамдарға да жұқтыра алатынын мәлімдеді. Бұл вирустың жаңа нұсқасының берілу мүмкіндігі жоғары екеніне байланысты. Сол себепті, тіпті вакцинацияланған адамдар үшін де маска режимін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Жақсы жаңалық сол, вакцинацияланған адамдарда коронавирус инфекциясының ауыр асқынуларына немесе өлімге әкелу ықтималдығы аз. Дегенмен вакцинацияланған науқас адам, мүмкіншілігі аз болса да, вакцинаны алмаған адамға жұқтыруы мүмкін.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz