Депутат Ташкараев қаладағы жастар санының өсуі туралы не деді?

13 қазанда мәжілістің пленарлы отырысында депутат Ғани Ташқараев Қазақстан қалаларында тұратын жастардың өсуіне қатысты деректер келтірді. Депутаттың айтуынша, қалада тұратын жастар саны 1,5 млннан асады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

Оның сөзі 1:58:46 минутта басталады

Factcheck.kz редакциясы депутат айтқан мәліметтерді тексеріп көрді.

Мәлімдеме: «Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, елдегі 20-29 жас аралығындағы азаматтар саны 2,5 млн адамнан асады. Қалада тұратын жастар саны 1,5 млн-нан көп. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді».

Ғани Ташқараев

Үкім: Шындық және манипуляция

Шындық мынада: Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, Қазақстан аумағында тұратын 20-29 жас аралығындағы азаматтар саны – 2 537 252 адам. Оның 1 124 083-і 20-24 жас аралығындағы жастар болса, 1 413 169-ы 25-29 жас аралығындағы азаматтар. Оның ішінде 1 510 895 жас азамат қалада тұрады.

Манипуляция мынада: Ұлттық статистика бюросының Қазақстанның әр жылғы демографиялық деректеріне сәйкес, қалаларда тұратын жастар саны көбейіп емес, керісінше азайып келе жатыр.

2020 жылы Қазақстан қалаларында 20-29 жас аралығындағы 1 587 875 адам тұрса, 2019 жылы – 1 662 560, 2018 жылы – 1 737 653, ал 2017 жылы – 1 804 054 адам болған.

Бір қызығы, осыған ұқсас үрдіс ауылды аймақтарда тұратын 20-29 жас аралығындағы тұрғындар санынан да байқалады: биыл ауылдарда 1 026 357 жас азамат тұрса, 2020 жылы – 1 044 309, 2019 жылы — 1 096 516, 2018 жылы — 1 137 112, 2017 жылы — 1 178 918 болған. Үрдіс мына кестеде анық көрініп тұр.

Көрсеткіштердің мұндай болуына Қазақстан Республикасынан кетіп жатқан эмигранттар санының қайта көбеюі себеп болған тәрізді. «Біз, Қазақстан» статистикалық жинағының деректеріне сәйкес, кейінгі он жылда елден 366 мың адам кетіп, оралмаған. Сондай-ақ ЕАЭО ішіндегі еңбек миграциясы мен шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер санының артқанын да ескерген жөн. Бұл да Қазақстанның ауылдары мен қалаларында тұратын жастар санына әсер еткені анық.

Кейінгі алты жылдағы статистиканы қарайтын болсақ, елден кеткендер саны тек артып отырған. 2020 жылы ғана көрсеткіш аз болған, оған елдегі коронавирусқа байланысты шектеулер әсер етіп, азаматтар елден шыға алмаған секілді.

2016 жылы елден 34 900 адам кеткен, 2017 жылы  — 37725, 2018 жылы — 41868, 2019 жылы — 45225, 2020 жылы — 29088 азамат шетелге қоныс аударған. Ал 2021 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында 22685 адам кетіп үлгерген. Төменде Cabar.Asia-дағы әріптестеріміздің миграция туралы ақпан айында жарық көрген материалынан алынған деректер.

Депутат Ташкараев қаладағы жастар санының өсуі туралы не деді?
Осы жылдар аралығында шетелге қоныс аударған 20-29 жас аралығындағы азаматтар саны артқан. 2016 жылы Қазақстаннан 7 044 жас кетсе, 2017 жылы — 6 793, 2018 жылы — 7 316, 2019 жылы — 7 331, ал 2020 жылы — 4 248 адам басқа елде тұру туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, «ЕАЭО жыл сайынғы статистикасында» жарияланған Еуразиялық экономикалық одақ сарапшыларының мәліметі бойынша, ТМД елдері ішінде Қазақстанның миграция сальдосы ең нашары болып тұр. Яғни, елге келетін азаматтармен салыстырғанда кететін азаматтар саны әлдеқайда көп.

Депутат Ташкараев қаладағы жастар санының өсуі туралы не деді?

«ҚР-дағы тұрғындар миграциясы» статистикалық бюллетенінің 2019 жылғы дерегінше, эмигранттардың көпшілігі 16-62 жас (70%) аралығындағы қала тұрғындары  (84%). Көбіне елден жоғары немесе арнайы орта білімі бар азаматтар (15 жастан асқан адамдардың 70%-ы) кетеді екен. «Ғұламалардың жылыстауы» мәселесі туралы толығырақ біздің мына мақаламыздан оқи аласыз: «Ғұламалардың жылыстауы: Қазақстаннан жоғары білікті қанша маман кетіп жатыр?».

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz