Бішкек соты журналист Теміровтің өтінішін қанағаттандырмады

Бішкек қалалық соты 7 шілдеде Temirov LIVE YouTube каналының негізін қалаушы, тәуелсіз журналист Болат Теміровтің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғау жөніндегі арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Журналистің айтуынша, оның кеңсесіне тінту жүргізілген кезде, түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.

“Видеоны кімдердің түсіргенін білеміз. Келесі күні жалған аккаунттар арқылы желіге тарап кетті. Біз прокуратураға, сотқа шағымдандық. Бәрі іс қозғаудан бас тартып жатыр. Енді қалалық сот та аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды” дейді Теміров.

Контекст

  • 2022 жылдың қаңтарында Теміров «Екі күнде қалай 37 миллион сом табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер схемасы» зерттеуін жариялаған. Екі күннен кейін милиционерлер Temirov Live кеңсесіне басып кіріп, Болот Теміровті ұстап, офис техникасы мен басқа да редакциялық құрал-жабдықтарды тәркілеген. Бұл кезде журналиске «есірткі сақтады» деген айып тағылған еді.
  • 2022 жылдың 20 сәуірінде Болот Теміровке «жалған құжат жасады» және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деген айып тағылып, тағы да қылмыстық іс қозғалған.
  • Бұған дейін халықаралық ұйымдар журналист Теміровке тағылған айыптарды алып тастауға шақырған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz