Арандату | Гендік қару һәм mРНҚ вакцинасы

Әлеуметтік желі мен мессенжер арқылы mРНҚ вакцинасына қарсы үгіт-насихат жүріп жатыр. Соның бірінде АҚШ-та вакцинация тоқтағаны, mРНҚ вакцинасы адам генетикасына зиян екені туралы жазылған. Ақпаратта мұны «гендік қару» деп атайды. Factcheck.kz хабардың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Арандату | Гендік қару һәм mРНҚ вакцинасы
Ел арасында тараған ақпараттан үзінді

Алдын ала қорытынды: Бұл ақпарат жалған және манипуляция, аталған деректерге еш дәлел жоқ, ақпарат бұрмаланған.

АҚШтың Жоғарға сотының шешімі бойынша жаппай вакцинациялау тоқтатылды. АҚШтың бас инфекционисті мен Билл Гейтс осы кезге дейін салынып келген екпелердің, яғни 32 жыл бойына салынған екпелердің адамға ағзасына пайдасы туралы еш мәлімет бере алмады. Сотқа оларды оқымысты ғалымдар мен сенатор Кеннеди иск жазған.

Желіде тараған ақпарат

Үкім: Манипуляция

АҚШ-та вакцинация тоқтаған жоқ. АҚШ-тың ауруды бақылауда ұстау және алдын алу орталығының (CDC) хабарлауынша, 28 сәуірдегі жағдай бойынша, елде вакцинаның екі дозасын 98 044 421 адам алған. Бұл халықтың 29,5%. Ал бірінші дозаны алған адам саны 142 692 987.

Бұл хабарды таратушылар Johnson & Johnson вакцинасына қатысты ақпаратты бұрмалауға тырысқан. Себебі 13 сәуірде CDC пен Тамақ өнімдері және дәрі-дәрмек сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) Johnson & Johnson компаниясынан екпе салуды уақытша тоқтатуды талап еткен. Бұл егілген адамдардың алтауында тромбоз анықталуымен байланысты. Жалпы вакцинаның осы түрін 6,8 млн адам қабылдаған.

Factcheck.kz ұқсас ақпаратты бұған дейін де терістеген. Яғни, қастандық теориясы өзгертілген күйінде қайта тараған. Материалымызда кейінгі 32 жылдағы вакцинаға қатысты зерттеулер болғанын, Роберт Кеннедидің HHS-ты (Қазір Бас иннфекционист пен Б. Гейтс деп өзгертілген нұсқасы) не үшін сотқа бергенін және неліктен бұл ақпараттың манипуляция екенін жаздық.

Робер Кеннеди кіші: Жаңа екпеден қалайда аулақ болыңдар. Назарларыңызды осы ковид19ға қарсы екпеге байланысты кейбір ньюанстарға аударайын. Соңғы жылдардағы екпелер адамның генетикалық материалына асер етіп, оны қайта қалпына келместей етіп өзгертеді. Бұл бұған дейін тыйым салынған екпе болған. Тыйым салынған былай тұрсын, қылмыс болып саналады.

Екпе деген о бастан – потагендік вирус немес микроб. Ол микроб қайдан алынады? Ол микроб ауырып емделіп шыққан адамнан алынып,екпе етіп соны басқа адамға салады.

Бұл екпе адамның ішкі ағзасына еніп, мРНК адамның бастапқы гендік, дұрыс ДНКсын өзгертіп, жаңа, мүлдем басқа ақуыз бөлетін етіп, жаратылғандағы ағзаның жұмысын бұзып, бағдарламасын басқаша жұмыс жасатқызуға алып келеді.

Желіде тараған ақпарат

Үкім: Манипуляция

Екпеге қарсылығымен аты шыққан адвокат Роберт Кеннедиге таңылған мәтін әлемнің көп елінде өзгертіліп тарап жатыр. Алайда вакцинаның адам генетикасына әсері жоқ.

  • Дәстүрлі вакцина технологиялары ағзаны антиген деп аталатын белгілі бір ақуыздарды тануға үйрету үшін аз мөлшерде әлсіреген вирустың енгізілуін қамтамасыз етеді, сондықтан да егер нақты вирусқа кезіксе, шабуылға дайын болады.
  • Екпеде ауру тудыратын микробтың өзі болады (Мысалы, қызылшаға қарсы вакцинада қызылша вирусы, ал Hib вакцинасында Hib бактериялары бар). Бірақ олар өлтіріледі немесе әлсіз күйінде жүреді, сондықтан сізді де ауруға душар ете алмайды. Ал кейбір екпеде патогеннің бір бөлігі ғана болады.
  • Ал mРНҚ вакциналары осы ақуыздарды тікелей жасушаларға енгізу үшін генетикалық нұсқаулар беріп, денені вакцина шығаратын зауытқа айналдырады.

mРНҚ екпе туралы айтқанда түсіну керек маңызды ақпарат:

  • mРНҚ ешқашан ДНҚ (генетикалық материал) сақталатын жасуша ядросына енбейді.
  • Нұсқаулық бойынша жасуша жұмыс аяқталғаннан кейін көп ұзамай жойылып, mРНҚ-дан арылады.
  • mРНҚ вакцинасына бұған дейін тыйым салынбаған, ол тек екпе жасаудың жаңа технологиясы. Қазірге дейін ондаған жылдар көлемінде зерттеліп келген

Демек, кәдімгі екпедей емес, басқаша жұмыс жасайды.
Демек, бұл екпе генное оружие( гендік қару)! Бұл дегеніміз, жер бетіндегі тіршілік көзін(адамдарды) жойып түп тамырымен, аман қалғандары тек ГМО түрінде тіршілік етуге әкеліп соғады. Дәл осы (covid19) екпесін салдырған адамдар, ертеңгі күні қайта осы аурумен ауырғанда оларға ешқандай ем қонбайды. Дәстүрлі емде,медициналық емде. Себебі ол екпе ағзаны бұзатыны сонша, бұл вирус адам ағзасында мәңгі өлместей қалады. Ол дегеніміз, екпе алғандар Синдром Дауна, синдром Тернера,жүрек ауруы,фиброз ж.т.б деген сияқты аурумен ауыратын адамдар сияқты өмір бойы сонымен жүреді. Сол аурумен алысады, бірақ жазылмайды. Дефект мәңгіге! Бұл деген айдан анық мынаны білдіреді: Егер екпеден соң адам қайта ауыратын болса, не мен,не басқа бір әлемдік дәрігер оны емдей алмаймыз. Себебі, екпеден ағзаға келген зиян, келмеске кеткенмен тең, қайтара алмастай әсерге ие!!!

Желіде тараған ақпарат

Үкім: Жалған

Бұл жерде де ешқандай дәлел келтірілмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина салған адамдардың кейін басқа ем қабылдай алмайтыны туралы хабарламаған. Сонымен қатар, вакцинаның компоненттері адам денесінде қалмайды. Ол тек сіздің иммундық жүйеңізді жаттықтырады. Бұған қоса вакцинаның бөліктері адам ағзасынан жойылып кетеді.

Вакцина вирусқа қарсы төтеп беретін және аурудың алдын алуға көмектесетінін ұмытпайық. Екпе қоғамдағы вирустың айналымын төмендетіп, өзіңді және екпе ала алмайтын адамдарды қорғау үшін қажет.

Factcheck.kz