Amnesty International: Беларусь билігі дәрігерлерді қудалап жатыр

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы наразылық акциясына қатысқан немесе билікті сынаған дәрігерлерді Беларусь билігі қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Ұйым жариялаған есепте Беларусь билігін сынағаны үшін ондаған медицина қызметкері жұмыстан шығарылғаны жазылған. Енді олардың көбі медицина саласында жұмысын жалғастыра алмайды.

Сонымен қатар, халықаралық ұйымның хабарлауынша, кейбір дәрігерлерге қоқан лоқы көрсетілген.

Беларусь билігі адам денсаулығына және адам құқығына мән бермейді. Билік кез келген бейбіт келіспеушілікке зорлық-зомбылық және репрессия арқылы жауап береді.

AI директорының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы кампаниялар жөніндегі орынбасары Брюс Миллар

Контекст

  • Бұған дейін Минск соты қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Артем Сорокин мен TUT.BY басылымының тілшісі Катерина Борисевичті наразы Роман Бондаренко өліміне байланысты мәліметтің жариялануы бойынша істе кінәлі деп тауып, түрмеге қамады. Сорокин – екі жылға, Борисевич алты айға бас бостандығынан айырылды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz