АҚШ билігі төлқұжатта жыныс таңдауға рұқсат береді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жақын арада төлқұжатқа «X» гендері енгізіліп, құжаттағы үш жынысты таңдау құқығы берелетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадам ЛГБТ қауымдастығының теңдей құқығына кепілдік береді. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Осы уақытқа дейін төлқұжаттағы жынысты туу туралы куәліктен өзгеше етіп көрсету үшін дәрігерден анықтама талап етілген.

[Байден] әкімшілігі одақтастармен және серіктестермен ынтымақтастықты қалпына келтіру бағыты бойынша, [мемлекеттік] департамент бұл қадамды қолдайтын үкіметпен кеңескеннен кейін қабылдайды.

Энтони Блинкен

Мұндай шешім шығару арқылы АҚШ президентінің әкімшілігі президент Джо Байденнің сайлау алдындағы уәдесін орындады.

Контекст

  • Бұған дейін Нью-Йорк штатының билігі жүргізуші куәлігі мен туу туралы куәлікке үшінші жынысты енгізген. Қазіргі уақытта штат тұрғындары әйел, ер немесе Х жынысын таңдай алады. Мұндай қадам шамамен АҚШ-тың 20 штатында енгізілген.
  • Үшінші гендер Аустралия, Үндістан, Канада, Мальта, Непал және Жаңа Зеландия төлқұжаттарында бар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz