4.12 | Франция мешіттерді бақылауға алды, Facebook-тің фейкпен күресі, қазақша Vласть.kz

Франция мешіттерді экстремизмге қарсы жаппай тексеруді бастады

Франция билігі мешіттер мен мұсылмандардың намазханасын жаппай тексеруді бастады. Ішкі істер министрі Джеральд Дарманеннің айтуынша, экстремизмге шақырушылар анықталса олар жабылады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Бір аптадан кейін Францияның экстремизм туралы жаңа заңы жайлы белгілі болады. Қазан айында болған террористік шабуылдарға билік осындай шара қолданып жатыр. Осыған дейін Париж маңындағы қалада Самуил Патидің басын шауып өлтірген еді.

Дарманен Франция БАҚ-тарына 76 мешіт пен намазхана бақылауға алынатынын айтты. Оның ішінде 16-сы Парижде тексеріледі.

Тексеру барысында инспекторлар мешіттерді кім қаржыландыратынын, имамдардың кіммен байланыста екенін және құран оқу мектептерін бақылайды.

Facebook пен Instagram COVID-19 вакцинасы жайлы жалған хабарламаларды өшіреді

Facebook компаниясы Facebook пен Инстаграмда жарияланған коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпараты бар жазбаларды өшіреді. Бұл туралы 3 желтоқсанда компанияның блогында хабарланды.

“Әлемдегі COVID-19 вакцинасының шығуы жайлы жаңалықтарды ескере отырып, алдағы апталарда Facebook пен Instagram-да денсаулық сақтау мамандары жоққа шығарған вакцина жайлы жалған мәлімдемелерді алып тастай бастаймыз”, – делінген хабарламада.

Осылайша модераторлар қастандық теориялары бар посттарды, сонымен бірге, “вакциналардың қауіпсіздігі, тиімділігі, құрамы және жанама әсерлері туралы” жалған деректер бар жазбаларды өшіреді.

Vlast.kz порталын енді қазақ тілінде оқи аласыз

Vlast.kz порталын енді қазақ тілінде оқуға болады. Бұл туралы порталдың ресми телеграм каналында хабарланды.

Әзірге аптасына мемлекеттік тілде және қазақ тіліне аударылған бірнеше материал жариялаймыз. Бірте-бірте орыс тілімен қатар дербес қазақ редакциясын іске қосу жоспарда бар.Жаңалықты достарыңызбен бөлісіп, Vласть материалдарын екі тілде оқыңыз! Тұрақты донатқа жазылу арқылы біздің жұмысымызды қолдай аласыз. Көп рахмет!

Vlast.kz

Vlast.kz сайтының қазақша нұсқасына мына сілтеме арқылы кіре аласыз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz