2020 жылғы Қазақстандағы ең ірі шетелдік салық төлеушілер

2020 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекет бюджеті 6,4 трлн теңгеге толықты. finreview.info сайтының хабарлауынша бұл төлемдердің үштен бірі немесе 2,2 трлн теңгесі 30 ірі шетелдік компанияға тиесілі екен. Біз бұл деректерді көрнекі етіп көрсету үшін арнайы графикалар дайындап, материалымызға контекстік ақпарат қостық.

Әдеттегідей Қазақстандағы салық түсімдерінің негізгі бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. Бұл компанияларға шетелдік 30 ірі салық төлеушінің барлық төлемдерінің 74% немесе 1,6 трлн теңгесі тиесілі.

Қазақстандағы ең ірі 30 шетелдік салық төлеуші

2020 жылғы қаңтар-қазан аралығы

Дереккөз: FinReview • Аслан Сеит

Қызыл түспен мұнай-газ секторының компаниялары, сұр түспен қалған салалардағы компаниялар белгіленген.

Төлемдер бойынша алғашқы үштік:

1. «Теңізшевройл»

«Теңізшевройл» 10 ай ішінде 832,1 млрд теңге салық төлеген. 30 ірі шетелдік салық төлеуші жасаған төлемдердің шамамен 37%-ы мұнай мен газды «Теңізшевройлмен» бірлесіп өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын кәсіпорындарға тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» (Қазақстан) «Теңізшевройл» компаниясының 20% акциясына ие, қалғаны шетелдік құрылтайшыларға тиесілі: «Chevron» (АҚШ) акциялардың 50%-ын, «ExxonMobil» (АҚШ) акциялардың 25%-ын, «LukArco» (Ресей) акциялардың 5%-ын иелік етеді.

2. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» консорциумы

Жыл басынан бері «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» 398,5 млрд теңге салық төлеген. Компаниядағы «ҚазМұнайГаздың» үлесі (Қазақстан) – 10%.

Консорциумның 29,25%-ы «Royal Dutch Shell plc» (Нидерланд, Ұлыбритания), 29,25%-ы «Eni» (Италия), 18%-ы Chevron (АҚШ) және 13,5%-ы «Лукойл» (Ресей) компаниясына тиесілі.

3. «Казцинк» ЖШС

«Қазцинк» тау-кен металлургиялық компаниясы республика бюджетіне 109,3 млрд теңге салық төлеген.

Компания акцияларының 70%-ы «Glencore International» (Швейцария), ал қалған 30%-ы «Тау-Кен Самұрық» кәсіпорнына тиесілі.

Басқа салалар

Мұнай секторынан кейін темекі өндірісі саласындағы компаниялар келеді, бұл жақта үш ірі шетелдік салық төлеуші бар, яғни «Джей Ти Ай Қазақстан», «Филип Моррис Қазақстан» және «Бритиш Американ Тобакко Қазақстан Трейдинг». Олар 240,2 млрд теңге салық төлеген.

Темекі өндірісімен айналысатын компаниялардан кейін металлургия саласы келеді: олар ел бюджетіне жалпы 161,5 млрд теңге салық төлеген.

Қорытынды

  • 2020 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ел бюджетіне төленген салықтың жалпы сомасы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеген.
  • Ақшамен есептегенде мемлекет бюджеті 6,4 трлн теңгеге толықты. Бұл төлемдердің үштен бірі шетелдік қатысушысы бар 30 ірі компанияға тиесілі.
  • 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 22,1 мың шетелдік компания жұмыс істейді. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда олардың саны 11,2%-ға артқан.
  • Салық түсімдерінің басым бөлігі мұнай-газ секторынан келеді, бұл саладағы компаниялар рейтингтегі 30 орынның 14-ін алып тұр. Бұл компанияларға шетелдік 30 ірі салық төлеушінің барлық төлемдерінің 74% немесе 1,6 трлн теңгесі тиесілі.
Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz