Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен интернет сайттарда американдық «Foreign poliсy» журналының тілшісі Джеймс Палмердің Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне келген-келмегені жөнінде қызу пікірталас туды. Бұл мәселе «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың 19 маусым күнгі мәлімдемесінен кейін тіптен ушығып кетті. Сергей Куянов Джеймс Палмер есімді тілшінің бар екенін, алайда оның Астанаға келмегенін, ондай адамның біздің шекарамыздан да өтпегенін айтқан болатын. Бұл жөнінде бірқатар ақпарат құралында материалдар жарық көрген.


Үкім: Жалған
Журналист Джеймс Палмер Қазақстанда 7-12 маусым аралығында болған және ЭКСПО көрмесін өз көзімен көрген. Ол 7 маусым күні Алматыға «Air Astana» әуе компаниясының ұшағымен ұшып келген. Factcheck.kz тілшісі Джеймс Палмердің өзінен Facebook әлеуметтік желісі арқылы ақпараттың рас-өтірігін сұраған болатын, шетелдік әріптесіміз бізге мынадай ақпарат берді:

Біз бұл билеттің нөмірін «Air Astana» әуе компаниясының сайты арқылы тексеріп көрген едік, Джеймс Палмердің 7 маусым күні Алматы әуежайына келгені рас болып шықты.

Сондай-ақ, Палмер өзінің Туиттер парақшасына Қазақстан Республикасының мөрі басылған шетелдік төлқұжатының суретін және ЭКСПО көрмесіне арнайы алған билетін салып қойған.

Джеймс Палмер өзінің Facebook парақшасына Астанада болған кезінде түсірген суреттерін салып қойған. Айтуына қарағанда, суреттерді көрменің екінші күнінде өзі түсірген.







Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.