YouTube зиянды және жағымсыз контентті басты бетінен алып тастайды

Youtube-тың басты бетін жағымсыз видеолардан тазарту үшін Google арнайы қосымша әзірледі. Bloomberg-тің хабарлауынша этика мәселесіне қатысты наразылықтардан соң компания осындай реакция білдірді.  

Google қосымшаның басты бетінде  бейнежазбаларды сараптайтын, елді дүрліктіретін видеоларды анықтап бұғаттайтын бағдарламалық жасақтама әзірледі. Жобамен таныс үш дереккөздің басылымға хабарлуынша бағдарламаның бастапқы атауы «жағымсыз видеоларды топтастырғыш».

YouTube компаниясының бұрынғы қызметкерінің айтуы бойынша Google топтастырғышты 2015 жылы сынап көрді. Бірақ, 2017 жылы балаларға қатысты жағымсыз видеолар оқиғасынан соң бағдарламаны қолданысқа қайта шығарды. «Эльзагейт» деп аталатын бейнероликтер сериясында дисней ханшайымын “түрлі ыңғайсыз жағдайларда” көреседі. Сол жылы жарнама берушілер негативті контент үшін YouTube-қа бойкот жариялады. 

Google өкілінің хабарлауынша жүйе жаңылыстыратын видеолар мен кликбейттерді хабарлаған қолданушылардың пікірін сараптайды

Google компаниясы 2006  жылдан бері Youtube-қа иелік етеді.

Factcheck.kz