«Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?

2023 жылғы 19 наурызда Кремль сайтында Ресей президенті Владимир Путиннің Мариуполь қаласына барған сапарынан отыз минуттық видео шықты. Кейін әлеуметтік желілер мен баспасөз құралдарында (123) РФ басшысы мен Мариуполь тұрғындары әңгімелесіп тұрған кезде артқы жақта белгісіз әйелдің «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасандылық!» деген дауысы естілетін видео үзіндісі тарай бастады. Бірнеше тәуліктен соң үзіндінің алынып тасталғаны хабарланып жатыр.

Factcheck.kz редакцияны айғайдың расымен болғанын немесе монтаж екенін анықтап көрді.

Үкім: Шындық

Роликтің түпнұсқасында айғайдың болғанын Кремль сайтында архивке енген видео, сонымен қатар артқы жақта тұрған адамдардың реакциясы растайды.

Оқиғалар хронологиясы

2023 жылғы 19 наурызда РФ президентінің сайтында Владимир Путиннің Мариуполь қаласына жұмыс сапарынан видео жарияланды. Twitter әлеуметтік желісіндегі іздеуге және жазба жарияланған уақытқа қарасақ, «Комсомольская правда» журналисі Александр Коц РФ басшысы мен Мариупольдегі жаңа ғимарат тұрғындары әңгімелесіп тұрған фрагментті парақшасында жариялаған. Сол жерде қолданушылар артқы жақта әйелдің айғайлағанын байқаған. Коц үзіндісінің нұсқасында дауыс 28-секундта естіледі.

Александр Коцтың Twitter желісінде жариялаған жазбасынан алынған видео

Одан кейін сол күні таңғы сағат 10:44-те видеоны ресейлік Smotrim.ru мемлекеттік видеоплатформасы жариялады. Олардың материалында айғай бар фрагмент те (таймкод — 22:50) бар. Фрагменттің монтаждың соңғы нұсқасына қалай тап болғаны, Коц пен Smotrim.ru оны неліктен әлі өшіріп тастамағаны жұмбақ болып отыр.

21 наурызда біршама ресейлік баспасөз құралы Кремль сайтындағы видео монтаждалғанын және айғайдың алынып тасталғанын (123) хабарлады. Біз тексеруді бастаған кезде, 20 наурызда 30 минуттық есепте үзінді жоқ болып шықты. Веб-архив көмегіне жүгінсек, 20 наурызда таңертең фрагменттің видеода әлі де болғанын, бірақ кешке қарай өшіріп тастағанын көреміз.

Архивтегі нұсқалар

19 наурызда Archive.org сайтында сапар туралы есептен 12 сурет сақталыпты. Алғашқы нұсқаларда видеоның болмағаны да қызық. Тек соңғы нұсқадан аздап ерекшеленетін мәтін ғана бар. Бірақ басқа сақталған архивтерде видео да, әйелдің айғайы да бар. Мысалы, мына жерде.

Адамдардың әрекеті

Айғайдың расымен болғанының дәлелдерінің бірі артқы жақта тұрған адамдардың әрекеті. Мысалы, сапар бойы Путиннің жанында болған РФ үкімет төрағасының орынбасары Марат Хаснуллин айғай кезінде жан-жағына қарай бастайды және қасындағылармен сыбырласа жөнеледі.

  • «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?
  • «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?

«Алғыс білдірген мариупольдіктер»

Кадр сыртындағы әйелдің айғайлағанына ғана емес, Владимир Путинге камера алдында кім алғыс білдіргеніне де қатысты көп сұрақ туындады. Кейінгі бірнеше жылда Ресей президентімен кездесулер аса қауіпсіз хаттаманы орындау арқылы ғана өткізіледі. Кремльдің ресми нұсқасына сәйкес, бұл шаралар РФ басшысының денсаулығына алаңдағандықтан қолға алынған (12). Әлеуметтік дистанциядан ПЦР-тест, карантинде болу және басқаларын қамтитын кездесуге дайындық жағдайында ғана бас тартуға болады. Осыны ескерсек, жаңа тұрғын үйді пайдалануға бергенде Путинмен кімнің жақын араласқанының екі нұсқасы бар.

Адамдарды анықтауға алғашқылардың бірі болып Telegram-каналдар кірісіп кетті. Олар Betaface бет-әлпетті анықтау сервисі көмегімен «Мариупольдегі кездесу» ролигінде Путиннің жаңа жылдық құттықтау айтқан видеодағы (1, 23) адамдардың болғанын анықтады. Бұл фонда Кремль емес, нағыз әскерилер болған алғашқы құттықтау болды, сондықтан журналистер олардың кім екенін анықтауға тырысқан. Содан кейін «Маріуполь.Спротив» каналының әкімшілері кішігірім тергеу жүргізген. Жазылушылар көмегімен олар Путинмен сөйлескен адамдардың жергілікті Ресейді қолдаушылар екенін анықтаған (12345). Мариуполь қаласы мэрінің көмекшісі Петр Андрющенко да сол ақпаратты айтты. «Маріуполь.Спротив» сөздерінің дәлелін ресейлік баспасөз құралдарынан да табуға болады. Мысалы, видеода «жұмақ бөлшегі» деп айтқан Ирина Волосатованың және кім екені анықталған Екатерина Лоткованың пікірлері.

Кездесу орны

Мариупольдегі Путиннің алғашқы кадрлары екіұдай реакция туғызды. Әлеуметтік желілерде көбі РФ президенті Украинаның оккупацияланған қаласында жүргеніне сенген жоқ.

  • «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?
  • «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?
  • «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?

Ресейлік ақпарат кеңістігінде Путин «қалада басқа көліктер жүргенде Мариупольді аралады», кейде жергілікті тұрғындар кездесу орнын ЖК Невский деп атайтыны туралы ақпарат тарады. Қаланы анықтаудан адамдарды анықтау оңайға соқты. Бірінші кезекте күннің қараңғы болғаны кедергі келтірді. «Путин келген» кадрда қараңғы батып барады, ал кездесу шамамен 19:00 кезінде, Мариупольде қараңғы түскенде болған. Сапар кезінде оның қалай қозғалғаны белгісіз, бірақ барған объектілердің ресми тізімі бар. Біз оларды 2035 жылға дейінгі Мариупольді салу жоспарында белгілеп қойдық.

«Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?

Көріп отырғанымыздай, Невский ТК қоса алғандағы объектілердің бәрі бір-біріне жақын орналасқан. 2023 жылғы 15 наурыздағы видео бойынша, кешен толығымен қираған қаладағы жалғыз «көрнекі жер» саналатын кварталда орналасқан. Тұрғын үй кешенін дроннан шолып шығып, Путиннің Хуснуллинмен, одан кейін тұрғындармен диалогы қай жерде болғанын болжауға болады:

Сондай-ақ видеода (таймкод 22:32) Донецк облысындағы 2004 үлгі кодына ұқсас нөмірлері автокөліктерді байқауға болады.

«Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасанды!»: Путиннің Мариупольға сапарындағы оқиға расымен болған ба?

Түйін:

  1. Кремльдің ресми сайтында жарияланған мариупольдықтармен кездесу видеосы өңделген: одан әйелдің «Мұның бәрі жалған, мұның бәрі жасандылық!» деген сөзін алып тастаған. Өңделмеген жазбаны әлеуметтік желілерден, Ресей орталық телеарналарының архивінен табуға болады. kremlin.ru сайтындағы сюжетте бұл эпизодтың аудиосы да, видеосы да жоқ.
  2. Біз жасаған анализ түсірілімнің расымен Мариупольде болғанын көрсетеді. Путин барған объектілердің бәрі бір-біріне барынша жақын орналасқан, сондықтан мұқият жоспарланған аз уақыттық сапар болуы мүмкін. Сондай-ақ архивтегі видеолар көмегімен РФ президенті қала тұрғындарымен кездескен алаңды табуға болады: Бұл Мариуполь қаласындағы «Невский» ТК.
  3. Видеоға Мариуполь тұрғындары түскен. Оларды азаматтардың танығанынан бөлек, олар ресейлік баспасөз құралдарына өз аттарынан пікір білдірген.
Factcheck.kz