Twitter АҚШ президентіне үміткер Майкл Блумбергті қолдайтын 70 аккаунтты бұғаттады. Оның президенттік науқаны онлайн дауыс берушілерді дайындауға тырысқан. Бұл жайлы LA Times хабарлайды.
Блумбергтің сайлау кампаниясының стратегиясына сәйкес туиттер желісінде көптеген ұқсас жазбалар жариялау. Алайда жұма күні Twitter компания ережелерін бұзатын, Блумбергті қолдайтын жазба жариялаған 70 аккаунтты бұғаттады .
Facebook, Instagram, Twitter арқылы хабар тарату үшін Bloomberg компаниясы стратегияның бір бөлігі ретінде уақытша жүздеген қызметкер жалдаған. Олар Нью-Йорктің бұрынғы мэрінің кандидатурасын қолдауға үгіттегені үшін айына 2500 доллар алады.
The Times тексерген хабарламаларда уақытша қызметкерлер көбіне бірдей мәтін, суреттер, сілтеме мен ілмек қолданған. Ал аккаунттардың көбі соңғы екі айда пайда болған.
Осыған дейін Майкл Блумберг инфлюенсерлер желісімен жұмыс істейтін және мемдерді сараптайтын Meme 2020 компаниясын жалдаған еді. Meme 2020 құрамындағы аккаунттардың шамамен 60 млн жазылушысы бар.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.