Қасым-Жомарт Тоқаев “Егемен Қазакстан” газетіне “Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы” деген тақырыпта мақала жазды. Мақалада Орталық Азия елдеріндегі елеулі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Тоқаевтің айтуынша, әлемдегі уран қорының шамамен 20, мұнайдың 17,2, табиғи газдың 7%-і Орталық Азия елдерінің еншісінде. Осы және өзге де деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Әлемдегі уран қорының шамамен 20 пайызы…
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Үкім: Шындыққа жақын
Дүниежүзілік ядролық қауымдастық ақпаратына сай, әлемдегі уран қорының 15%-ке жуығы Қазақстанға, 2%-і Өзбекстанға тиесілі, ал Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанда шамамен 1%-ті құрайды. Жалпы алғанда Орталық Азия елдеріне уран қорының шамамен 18%-і тиесілі.
Мәлімдеме: …мұнайдың 17,2 пайызы
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Үкім: Жалған
OPEC-тің жыл сайынғы статистикалық бюллетені бойынша, Орталық Азия елдеріне мұнай қорының шамамен 2%-і тиесілі. Оның ішінде Қазақстанға – 30 млрд, Түрікменстанға – 600 млн, Өзбекстанға – 594 млн, Қырғызстанға – 40 млн және Тәжікстанға – 12 млн баррель тиесілі. Президент Тоқаев 17,2% деген статистиканы қайдан алғаны белгісіз.
Мәлімлеме: …табиғи газдың 7 пайызы – біздің аймақтың еншісінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Үкім: Шындық
OPEC-тің жыл сайынғы статистикалық бюллетені бойынша, Орталық Азия елдеріне табиғи газ қорының шамамен 8%-і тиесілі. Соның ішінде Түрікменстан газ қоры бойынша әлемде алғашқы 5 елдің қатарына кіреді.
Мәлімдеме: Орталық Азия көмір өндіруден әлемде 10-шы, электр энергиясын өндіруден 19-орында тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Үкім: Манипуляция
Орталық Азиядағы 5 елді әлем елдерімен салыстыру – қисынсыз болады, себебі ел мен елді немесе өңір мен өңірді салыстыру керек. Дегенмен, көмір өндіруден Қазақстан әлем елдері бойынша алғашқы ондыққа кіреді, Орталық Азияның қалған 4 елін қосса да рейтиң өзгермейді. Ал электр энергиясын өндіруден Қазақстан алғашқы 30 елге кіреді, қалған 4 елдің дерегін қосса да 19-орын болмайды.
Мәлімдеме: Орталық Азия – әлемдегі халқы ең жас өңірдің бірі. Аймақ тұрғындарының орташа жасы – небәрі 28,7.
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Үкім: Шындыққа жақын
БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің дерегінше, Орталық Азия елдерінің орташа жасы – 26,6 жас және расымен ең жас өңірдің бірі.
Орталық Азияда 82 млн-дан астам халық тұрады, кейінгі 50 жылда халық саны үш есе өскен. Аумағының 80%-ке жуығы шөл мен даланы құрайды, оның ішінде Қарақұм, Қызылқұм дәне Мойынқұм шөлі жатыр. Сондай-ақ, өңір халқының шамамен 60%-і ауыдық жерлерде тұрады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.