Тоқаевтың Германияға қатысты деректері рас па?

20 маусымда шағын және кеңейтілген құрамда өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер журналистер алдында бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдеме барысында Тоқаев екі елдің қарым-қатынасына қатысты бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz президент сөзінің рас-өтірігін тексерді.

Мәлімдеме: Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Германияда 1 миллионнан астам бұрынғы отандастарымыз тұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық және техникалық қате

Несі рас? Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша, елімізде 225 345 неміс этносы өмір сүреді.

Несі техникалық қате? Тоқаевтың сөзінен оның Қазақстаннан кеткен неміс ұлты туралы айтып тұрғанын түсіну қиын емес. Алайда Германияның сыртқы істер министрлігінің 2022 жылғы ақпаратына сай, 800 мыңға жуық неміс ұлтының өкілі Қазақстаннан Германияға иммиграциялаған.

Мәлімдеме: Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Расымен Орталық Азия (ОА) елдері арасындағы Германиямен ең көп тауар алмасатын ел — Қазақстан. Нақтырақ айтқанда, 2022 жылдың қорытындысына сай, ОА мен Германияның арасындағы тауар айналымны 82,53%-і Қазақстанға тиесілі.

Мәлімдеме: Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Сыртқы саудадағы Германияның сауда серіктестерінің рейтиңінде Қазақстан расымен алғашқы 50 елдің ішіне кіреді. 2022 жылдың қорытындысына сай, Қазақстан мен Германияның тауар айнылымы 9,7 млрд еуроға жетіп (10 мың АҚШ доллары), еліміз 43-орынға тоқтаған. Алайда Тоқаев

Осы рейтиң көрсеткішіне сай, Германияның басты сауда серіктестерінің ішінде Қытай, АҚШ және Нидерланд тұр.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz