Түркияда үйленген жастарға пайызсыз несие беріле ме?

Әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарда “2025 жылы неке қидырғандарға пайыссыз несие беріледі” деген тақырыпта ақпарат тарап жүр (1,2,3,4). Ақпаратқа сенсек, Түркия 2025 жылды отбасы жылы деп жариялап, некеге тұрған жастарға пайызсыз несие беріп жатыр. Аталған ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

@1tvkz1

♬ оригинальный звук – «Еуразия» Бірінші арнасы

Үкім: Шындық

13 қаңтарда Түркия президенті Режеп – Тайып Ердоған “Отбасы жылына” арналған шарада сөз сөйлеп, бағдарламаның мақсатын түсіндірді. 18-29 жас аралығындағы үйгенген жастарға 150 мың лираны процентсіз 48 айға бөліп төлейтін мүмкіндіктің барлық жастарға қолжетімді болатынын жеткізді. Бұндай мүмкіндік 2024 жылы жер сілкінісінен зардап шеккен 11 провинцияда тұратын жастарға арнайы ашылған болатын.

Бадарлама “Отбасы және жастар қоры” аясында Түркияның еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жүзеге асырады. Бағдарламаның шарттары мынадай:

  • Түркия елінің азаматы болуы керек;
  • 18-29 жас арасындағы жастар;
  • Жылжымайтын мүліктің иесі немесе акционері болмау керек;
  • Ерлі-зайыптылардың кейінгі 6 айдағы орташа табысы және олардың кейінгі айдағы жалпы табысы ең төменгі жалақының 2,3 мөлшердер аспауы керек;
  • Некеге тұрғаннан кейін 2 жыл ішінде министрлік ұсынған білім беру қызметтеріне қатысуға міндетті;
  • Соттылықтың болмауы;
  • Жоба аясында бұрын несиені пайдаланбаған болуы керек.

Turkstat-тың дерегінше, жастар саны (15-24 жас) жылдан жылға азайып бара жатыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, жастар саны 12 млн 372 мың болған және ол жалпы халық санының 15,1%-не жетті.

Түркияда үйленген жастарға пайызсыз несие беріле ме?
Түркиядағы жастар санының үлесі

Сонымен қатар, Ердоған Түркия халық санының өсуі мен туу көрсеткішіне назар аударды. 2000 жылдармен салыстырғанда туу коэффициенті едәуір төмендегенін және орташа жастың 34-ке жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ажырасу мен неке мәселесіне жеке тоқталып, елдегі басты проблеманың бірі екенін жеткізді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz