Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

15 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Шенеунік бұл қызметте 2014 жылдан бастап 8 жыл бойы отырды. 2017, 2019 және 2022 жылдары қайта тағайындалған. Осы күнге дейін Ахметов қала әкімшілігі басшысынан премьер-министрге дейін бірнеше басшылық қызмет ауыстырды. Ең ұзақ әкім болған адамның еңбек жолы даулы болды, соңғы өзгеріс те қанды оқиға кезінде болды. 8 маусымда «Семей орманы» резерватында бір апта өрт болып, 14 адам қаза тапты. Бүгінгі таңда табиғи аймақ Абай облысына қарайды, бұған дейін ШҚО құрамында болған. Вице-премьер Роман Скляр Ахметов «Семей орманы» үшін жауап бермейтінін айтты, алайда баспасөз құралдары мемлекеттік қызметкерден жауап алынғалы жатқанын айтты. Factcheck.kz редакциясы өңірдің бұрынғы басшысы туралы негізгі деректерді жинап шықты.

Қысқаша

Даниал Ахметов 1945 жылғы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келді. Оның еңбек жолы 1976 жылы жұмысшы мамандықтардан басталып, 16 жылдан соң ол қала әкімшілігінің басшысы атанды. Бірнеше жоғары қызметте болған, мемлекеттік және халықаралық ордендермен марапатталған.

Білімі

Қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 

  • «Павлодар тұрғынқұрылыс» тұрғын үй салу трест комбинатының шебері (1976-1981)
  • Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушысы (1981-1983)
  • «Екібастұз шахтақұрылыс» комбинатында партия комитетінің хатшысы, бас инженердің орынбасары (1983-1987)
  • Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1987-1991)
  • «Екібастұз энерго тұрғынүй өндіріс құрылысы» трестінің басшысы (1991-1992)
  • Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992-1993)
  • Әкімшілік басшысы, Павлодар облысы әкімі (1993-1997)
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімі (1997-1999)
  • Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (1999-2000)
  • ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары (2000-2001)
  • Павлодар облысының әкімі (2001-2003)
  • ҚР премьер-министрі (2003-2007)
  • ҚР Қорғаныс министрі (2007-2009)
  • Экологиялық энергетика саласындағы компания басшысы (2010 жылдан бастап)
  • Энергетика және инфрақұрылым министрі – Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының мүшесі (2012-2014)
  • Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2014 жылдан бастап)
  • Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды (2017, 2019, 2022 жж.)

Сондай-ақ:

  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2003-2009)
  • Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының президенті (1999-2009) 
  • Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының құрметті президенті (2009 жылдан бастап)
  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі (2017 жылдан бастап);
  • Шығыс Қазақстан облысы жеңіл атлетика федерациясының төрағасы (2017 жылдан бастап)
  • Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы артқару комитетінің мүшесі (2017 жылдан бастап)
  • Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті (2018 жылдан бастап)

Марапаттары: 

  • Отан ордені (2017 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012 ж.)
  • 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2004 ж.)
  • 3 дәрежелі «Барыс» ордені (1999 ж.)
  • «Астана» естелік медалі (1998 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001 ж.)
  • «ҚР Парламентіне 10 жыл» медалі
  • Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған естелік құрмет белгісі (2009 ж.)
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.)
  • «Құрмет белгісі» ордені (1986 ж.)
  • «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» 1 дәрежелі медаль ( 2015 ж. Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы кеңесі)

Үлескерлігі

2018 жылдан 2019 жылға дейін «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ үлескерлерінің тізімінде болған (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдастықтар» туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы заңының 64-бабы 1-бөлімі (2-бөлімше).

«Ертіс» ӘКК (бұрын «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ») директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. Сайтта АҚ миссиясы — ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету деп жазылған. Жүзеге асырылған және инвестицияны қажет ететін жобалар туралы мына жерден көруге болады. Басшылар мен құрылтайшылар арасындағы жалғыз құқық бұзушылық – медициналық сақтандыру үшін 7 теңге қарызы. 2015 жылдан бастап кәсіпорын міндетті төлемдерге 3 млрд теңге жұмсаған.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Отбасының бизнес империясы

Даниал Кенжетайұлының бизнеске тікелей қатысы аз, бірақ оның отбасы едәуір ілгері жылжыған. Экс-әкімнің екі баласы Талғат Ахметов пен Аделия Ахметова бизнес мүдделерімен кең танылған.

Талғат Ахметов

БАҚ хабарламасы бойынша, жас жігіт кәсіпкерлік қызметін 20 жасында бастаған. 31 жасында Талғат Даниалұлы Forbes басылымының Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері рейтингінде 35-орында болған. Басылым оның байлығын 145 млн доллар деп бағалаған. Оған тиесілі компаниялар қатарында «Қазэнергокабель» АҚ (29,9%), «Павлодар нан комбинаты» ЖШС, «KAZ InterGroup PV» ЖШС, «ТАСК Холдинг» ЖШС, «Теміржолшы» ЖШС, «Глория-фарм» ЖШС, «Павлодар кондитерлік фабрикасы» ЖШС, «Ақ сұңқар НТ» ЖШС және «Engineering Supply Company» ЖШС бар.

Талғат Ахметовтың іскерлік байланыстарының масштабы рсымен таң қалдырады.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

2007 жылдан баста пол «Қазэнергокабель» АҚ акционері. Бұл ең ірі кабель мен сым өндіруші, мемлекеттік сатып алулар жүйесіндегі тұрақты жеткізуші. 2022 жылы сатып алушылармен жасалған келісішарттардың қорытынды пайдасы 34 млрд теңге болған.

otchet-nezavisimogo-auditora-i-fin-otchetnost-ao-kazenergokabel-za-2017-god

Кәсіпорын құрылғалы бері 8 млрд теңгеден астам салық төлеген.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

2015-2019 жж. Талғат Ахметов серіктестерімен Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын СЭС құрылысымен айналысқан. Жобаға олар Қазақстан даму банкінен 10 млрд теңге көлемінде несие алған. СЭС салынып, 2021 жылы іске қосылды.

Қарындасы Аделия Ахметовамен бірге Талғат Даниалұлы «Таск Холдинг» ЖШС иелік етеді.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

«Таск Холдинг» компаниясында он тең құрылтайшы бар, олардың бәрін өз кезегінде Талғат Ахметов ұйымдастырған (жалғыз немесе серіктестерімен).

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Жеке және заңды тұлғалар тобынан тұратын тағы бір ЖШС — «Engineering supply company» ЖШС.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Талғат Ахметовке қатысы бар ондаған ЖШС әртүрлі салаларда бар: құрылыстан және жобалаудан бастап жылжымайтын мүлікті жалға беруге дейін. Кәсіпкердің жылжымайтын мүлікті жалға беру ісіндегі тасы өрге домалап жатқанын айта кету керек.

«Ақ сұңқар НТ» ЖШС 2006 жылы тіркелген.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

2015 жылдан бастап компания 200 млн салық аударымдарын жасаған.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Бір қызығы, орташа есеппен жылдың төлем шамамен 14-15 млн теңге көлемінде болса, 2022 жылы 125 млн теңгеге жеткен. Бұл қалай болды? 2016 жылдан бастап «Ақ сұңқар НТ» ЖШС мемлекеттік сатып алулар мүшесі саналады. Кәсіпорынға негізгі тапсырыс беруші «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ пен «Қазконтент» АҚ болған. Олармен жасалған келісімшарттар сомасы әдетте 200 млн теңгеден аспаған. Ал 2021 жылы «Ақ сұңқар НТ» ЖШС аумағы 4593.7 шаршы метр болатын ғимарат сатып алу туралы келісімшарт жасаған. Келісімшарт сомасы – 4 млрд теңге.

Талғат Ахметовтің таныстары

Ахметовтер отбасының бизнес байланыстары құрылымын қарасақ, тегі бірдей адамдарды бірнеше мәрте көруге болады. «Ақ сұңқар» ЖШС Қуантаев Иемберген басқарады. Ашық дереккөздерден оның басшылығымен бірнеше фирма табуға болады. Біз солардың бірнешеуін тексеріп көрдік.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Бірінші ЖШС-ны Аделия Ахметова, ал екіншісін Руслан Казукаев құрған. Руслан казукаев «Таск холдинг» ЖШС бірін басқарады. Серіктестерді осылай таңдауының арқасында, журналистер экс-әкімнің іскери байланыстары туралы қызық ақпарат алып жүр. Мысалы, Ratel.kz Өскемендегі фармацевтикалық дау туралы айтқан. Журналистер медициналық препараттарды жеткізу бойынша миллиардтық тендерді ұтып алған Павлодардан шыққан «Жалын ПВ» ЖШС Талғат Ахметов құрған «Глория-фарм» ЖШС компаниясымен тығыз байланысты екенін анықтады. Екі ЖШС да бір мекенжайда орналасқан, басшылары ба біреу. Ал 2004 жылы заңды тұлға ретінде тіркелген деректер бойынша, оны Г.К.Аубанова құрған. Бұл Даниал Ахметовтың қарындасы Аубанова Гульфаз Кенжетайқызы деп болжауға болады.

Қазіргі таңда екі ЖШС да сол мекенжай бойынша бір басшымен жұмыс істеп тұр. «Жалын ПВ» ЖШС құрылтайшысы Евгений Татаренко Тұрғысын СЭС-ін басқарады. Оны Талғат Даниалұлы Ахметов пен оның серіктестері салған еді.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Ахметовтар отбасының бизнестегі таныстары туралы кейінгі зерттеулердің бірін «Азаттық радиосы» жасады. Журналистер Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысына тапсырысты «ОблШығысЖол» компаниясы алғанын анықтай алды. Бұл компания Талғат Ахметовтың бұрынғы әріптестері Лұқбек Тұмашинов пен Жанболат Қазановқа тиесілі.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

БАҚ дерегінше, үшеуінің бәрі белгілі бір уақыт «CEMINCO» ЖШС тең құрылтайшысы болған.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Даниал Кенжетайұлы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Лұқбек Тұмашинов та Талғат Даниалұлымен таныс емес екенін айтады. Бұл жерде журналистер бірнеше қызық дерекке назар аударады. Біріншіден, Эльдар Тұмашинов (Лұқбек Шабданұлының баласы) 2019-2020 жылдары «Ертіс» ӘКК басшысы болған. Онда Даниал Ахметов төраға болып отыр. Екіншіден, 2021 жылы Лұқбек Тұмашинов бастаған кәсіпкерлер тобы ШҚО әкімін қолдау мақсатында баспасөз конференциясын өткізген.

Аделия Ахметова

Аделия Ахметова ағасымен бірге «Таск Холдинг» ЖШС құрғаннан бөлек, БАҚ дерегі бойынша күйеуі Ерлан Қойшыбаев арқылы көптеген ірі АҚ үлескері болып отыр. Мысалы, 2021 жыл бойынша «Самұрық Қазына» АҚ үлескерлерінің тізімін қарауға болады. Аделия Ахметованың жеке бизнес мүдделері де бар, олар негізінен ауыл шаруашылығына байланысты.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

ШҚО бұрынғы әкімінің қызы «Павлодар қант» ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативіне иелік етеді.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Алайда, 2018 жылы тіркелген кәсіпорын төрт жыл бойы салық төлемдерін жасамаған.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Бірнеше жыл бұрын Павлодар облысында қант зауытын ашу жоспарланған. Ол мемлекеттегі ең қуатты өндіріс орны болып, тапшылықты толығымен жоюы керек еді. Жобаның құны 150 млн доллар, мерзімі  2022 жыл деп жоспарланған. О баста негізгі проблемалардың бірі жергілікті шикізат (қант қызылшасы) жетіспеуі болған, бірақ жергілікті БАҚ хабарлауынша, «Павлодар Қант» осы проблеманы шешуі керек болған. Алайда зауыт әлі күнге дейін салынбады, жобада 2024 жылы аяқталатыны, ал сомасы 269 млн еуро болғаны айтылған.

Аделия Ахметованың атында «Маяк» ЖК тіркелген. ЖСН жасырулы тұр, сондықтан салықтарды тексеру мүмкін болмады. Бірақ ЖК тура сол атауы мен құрылтайшысы бар ЖШС-мен тікелей байланысқан. Кәсіпорынның негізгі бағыты картоп өсіру деп көрсетілген. Ашылғалы қазынаға 0 тг төлеген.

 «Маяк» в 2019 жылы 40 млн теңге (39 995 079) көлемінде субсидия алған. Сондай-ақ субсидия алушылар тізімінде Ахметованың үлесі бар тағы бір ЖШС бар. «Кереку» серіктестігіне 20 214 535 тг бөлінген.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

«Қазақстандық сертификаттау және метрология орталығы» ЖШС жағдайы тұрақтырақ. Кәсіпорын 2005 жылы тіркелген. 2015 жылдан бастап салықты уақыты төлеп тұрады.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

2005 жылдан бастап орталық «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ мемлекеттік акцияларының 100% иесі. Бұрындары орталық «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» деп аталып, толықтай мемлекеттік кәсіпорын болған.

Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Бүгінгі таңда АҚ мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысады. 2015-2023 жылдары орталық 9 млрд теңгеден астам салық төлеген. 2021 жыл бойы мекеме табысы шамамен 8 млрд. болған.

poyasnitelnaya-po-fo-2021-goda

Гүлнас Ахметова

Гүлнас Ахметова – Даниал Кенжетайұлының қарындасы. Оның күйеуі – Ғаббас Бектұров. Бектұровтар отбасы кәсіпкер Ерлан нығматуллиннің құдалары болып келеді.

Қазіргі таңда Гүлнас Кенжетаева «Бақытты отбасы» қорын басқарады. 2017 жылдан бастап 2021 жылғы қазанға дейін «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да үлесі болған. Сондай-ақ ол «Престиж» жекеменшік мектебінің жалғыз құрылтайшысы. Мектептің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары бар. Ол «Қаржы орталығы» АҚ қызметтерін орындауға жасалған. 2015 жылдан бастап мекеме миллиард теңгеден астам салық төлемдерін жасаған.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Ғаббас Хамзаұлы Бектұров Тұрғысын СЭС салуда Талғат Ахметовтың серіктесі болған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен айналысатын «Габек» ЖШС иелік етеді. Бұрындары фирманы Гүлнас Кенжетайқызы басқарған.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

Гүлфаз Аубанова

Даниал Ахметовтың қарындасы. БАҚ оны бизнесвумен деп атайды, ол Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінде болған. 2019 жылы Гүлфаз Кенжетайқызын ұрлап кетуге әрекеттенгендер болған.

Соңғы деректер бойынша, Гүлфаз Аубанова атымен байланысты үш кәсіпорын бар: «MECICO» ЖШС, «Данель» медициналық мекеме және «Диагностикалық клиника» ЖШС. Алғашқы екеуінде ол құрылтайшы және басшы, ал үшіншісінде тек басшы болып отыр.

  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі
  • Профайл: Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі

2017-2019 жылдары «Данель» медициналық мекемесі мемлекеттік сатып алу сайтында жеткізуші ретінде аталған. Негізгі тапсырыс беруші — «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ. «MEDICO» ЖШС 2019 жылдан бері мемлекеттік сатып алу жүйесінде бар. Кәсіпорын ең ірі келісімшартын 2023 жылы жасаған. Оған тапсырыс беруші «Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» болған. Келісімшарт бойынша «MEDICO» ЖШС 2 млн теңгеге медициналық тексеріс қызметін көрсетеді.

Даниал Ахметов несімен есте қалды

Даниал Ахметов – әкімдер арасындағы рекордшы. Ол 2014 жылдан бері ШҚО әкімі болған, оған дейін Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысын басқарған.

Премьер-министр қызметінен өз еркімен кеткен кезде де (2007 ж.) әріптестерінен ұзағырақ отырады.

Даниал Ахметов қорғаныс министрі қызметін ведомстводағы жемқорлық дауы кезінде кетті. Шенеунік қызметінен кеткенге дейін 2 айда оның орынбасары – генерал-майор Қажымұрат Маерманов қамауға алынды.жемқорлық қылмыс жасап, билікті асыра пайдаланғаны үшін, пара алып, қызмет бабын асыра пайданһланғаны үшін ол 11 жылға сотталды.

2009 жылғы наурызда «Қазарсенал» ЖШС (Арыс) оқ-дәрі жарылды. Төрт адам қаза тауып, 16 адам ауруханаға жеткізілді. Үш айдан кейін Алматы облысындағы Қараойда да жарылыстар болды.

Даниал Ахметов ШҚО-дағы жұмысы басталғалы ең үлкен проблема жол мәселесі болды. Бұл мәселе әлі де шешілген жоқ. Атап айтқанда 2018 жылы Өскемен – Зыряновск – Үлкен нарым – Қатон-Қарағай – Рахман қайнары трассасында жаңа жол құрылысы басталғаны хабарланды. Ол 2020 жылы ашылады деп жоспарланған, бірақ жұмыс әлі аяқталмаған. Былтыр экс-әкім жол 2023 жылы аяқталады деп сөз берді.

Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір проблема — экология. Ауа көрсеткіштері динамикасы жақсарғанымен, ластану көрсеткіші жоғары. ШҚО экология департаментінің деректерінше, мұндай жағдайға қатты отын, автомоторлы жанармай, өндірістік қалдықтардың жануынан шығатын азот диоксиді мен басқа да заттар көлемінің артуынан болған. 2019 жылғы анализ ауаға тарайтын зиянды заттардың негізгі көзі (56,7%) автокөлік екенін көрсетті. Кәсіпорындардан жылына 54 548 тонна, немесе 34,7% шығады. Экология департаментіне түсетін шағымдардың көбін қамтитын шағын және орта бизнес субъектілеріне жылына 5600 тонна тиесілі. Өскемендегі ауа ластануының негізгі көзі ЖЭС мен Қазцинк. «Қазцинк» ЖШС қалдықтарды 70% азайтқан, бірақ бәрібір ШҚО экологиясына зиян тигізгені үшін 45 млн айыппұл салған. 2023 жылғы ақпанда интернетте «Өскемендегі экологиялық апатты мойындауды һ» талап ететін петиция пайда болды.

2021 жылы мемлекеттік саты палу порталынан журналистер ШҚО әкімі аппаратынан тапсырыс түскенін анықтады. Мемлекеттік құрылым «кестесіз әуе көлігін беру қызметін ұсынуға» мердігер іздеген. Ұсынылған сома – 139 млн теңге. Әуе көлігіне қажеттілік туралы Ахметовтің өзі пікір білдірді: «Мақсаттар мен міндеттер — жасыл көшеттерді қорғау. Қазақстан ормандарының 40% Шығыс Қазақстанда орналасқан. Егер сіз ШҚО-да тұрсаңыз, өрттердің көбі [тікұшақ] арқылы шешілетінін көрген боларсыз».

2018 жылы ШҚО-да су тасыды. 1400 тұрғын үй су астында қалып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Алты аудан мен Семей қаласында ТЖ жарияланды. Аудан прокуратурасында су тасқыны жауапты тұлғалардың жауапсыздығынан болғанын мәлімдеді.

Даниал Ахметов кезінде ШҚО-да құрылыс қарқынды дамыды. БАҚ хабарлауынша, 2021 жылы тұрғын үй беру көлемі жылына миллион шаршы метрге жетті. Әлеуметтік-мәдени объектілер саны артқаны да айтылады. Десе де, құрылыс сапасы үнемі көңілден шыға бермейді.

Риддердегі 2022-2023 жылғы жылыту кезеңі нағыз апат болды. Қарашада қалалық ЖЭС-те істен шыққан құрылғылар кесірінен апат болды. Нәтижесінде 22 мың адам жылусыз қалды. ТЖ жарияланып, ол ақпанның ортасына дейін жалғасты. Бірақ жағдай бақылаудан шығып кетті: құрылғылар сынып, апат болып, жергілікті тұрғындар көктемде де батареялардың суық екеніне шағымданды. Нәтижесінде наурызда ТЖ қайта енгізіліп, Ахметов апатқа ЖЭС басшылығын кінәлады.

Қаңтардан бастап олар жабдықтарды жөндеуге де, дебиттік қарыздарға да қаражат бөлмеген және мұның бәрі жағдайды ушықтырып отыр.

Даниал Ахметов

Сондай-ақ шенеунік станцияны мемлекет меншігіне қайтаруға шақырды. Риддердегі жылыту кезеңі 2019 жылы да қауіп туғызды. Қазіргі иесі әкімдікке инвестициялық бағдарламамен жүгініп, оған қол қойылмады.

2021 жылы Өскемен мен Семей кәсіпкерлері облыс әкімінің орнынан кетуін талап етті. Олар шенеунік өз мүддесі үшін шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін айтты. Олардың пікірінше, Семейде жаңа ЖЭС салуы керек түркиялық Unit Energy Investment компаниясымен келісімшарт осылай үзілген. Әкімдікті Семейдегі автобус паркін жаңартуға бөлінген субсидиядағы өтіріктер, мемлекеттік сатып алулардағы әділетсіз схемалар үшін де сынға алып, облыс басшылығын жағымсыз пікір білдіретіндерге қысым көрсетеді деп те айыптады. Жыл аяғында ШҚО басшысы 22 кәсіпкерге қарсы «арын таптағаны» үшін арыз берді.

Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысында медицина саласы дамыды. Өскеменде әлемдік стандарттарға сай гематология орталығының құрылысы басталды. Риддерде 140 орынға арналған медициналық мекеме мен емхана құрылысы басталды. 5 жылда көрсетілген жоғары технологиялық медициналық көмек бес есе, 2023 жыл басынан бері 2 есе өскен.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz