Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?

2021 жылдың 15 қыркүйегінде MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында “Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?” деген тақырыпта оңтүстік журналистеріне арналған презентациясы өтеді. Презентацияны Factcheck.kz журналисі, медиа-тренер Жансерік Тілеухан өткізеді.

Жаңа құрал мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, квазифискалдық шығындар, қаржылық есептілік саласында іздеу жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, қазақстандық және халықаралық деректер базасын талдаудың басқа да қолданыстағы құралдарымен жұмыс істеу дағдылары көрсетіледі.

Вебинар бағдарламасы:

  • Ашық деректер базасы негізінде зерттеу жүргізу: сатып алу, бюджеттер – журналистің қандай мүмкіндіктері бар?
  • OpenBase: қазақстандық ашық деректер базасындағы ақпаратты жинақтайтын негізгі құрал: құрылымы, мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаты.
  • Жиналған деректерді сұрыптап, егжей-тегжейлі талдайтын базалар мен сервистерге шолу: KASE, Kompra, Uchet.kz.
  • Халықаралық ақпарат базасы

Open Base ақпараттық порталы USAID және Internews қолдауымен жасалды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz