Қазақстанның миллиондаған доллар келісім-шарттары Huawei-ге конкурссыз кетіп жатыр

«Қазақтелекомның» еншілес компаниялары Huawei корпорациясымен байланысын кеңейтіп жатыр. Қытайлық серіктеске ақпараттық жүйелерге техникалық қолдау көрсету, базалық байланыс станцияларын жобалау және орнату міндеттері жүктелген. Factcheck.kz пен ProTenge есептеуінше, «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» компаниясы өткен жылы конкурссыз алты ірі келісім-шартқа қол қойған, олардың жалпы сомасы 5,7 миллиард теңге (шамамен 12,4 миллион АҚШ доллары) болған.

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болардан бұрын-ақ «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» басшысы Чжао Сюймен қол алысқан. Фотода олар 2022 жылдың қазан айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып жатыр.

Қазақстанның миллиондаған доллар келісім-шарттары Huawei-ге конкурссыз кетіп жатыр
Фото: huawei.com/kz

Сол кезде цифрлық даму министрі болған Мусин Қытай корпорациясының өкілімен Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын нығайту, инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық орнатуға келіскен. Соның ішінде 5G желілерін дамыту және тәжірибе алмасу да бар.

Huawei үшін бұл құжат маңызды болғанға ұқсайды, себебі компания Forbes Kazakhstan журналында ол туралы жарнама құқығымен материал жариялаған. Мақалада «Қазақстан Республикасының негізгі салаларындағы цифрлық технологияларды пайдалану ауқымы барған сайын кеңейіп келе жатыр. Huawei компаниясы цифрлық экономиканың дамуына жан-жақты қолдау көрсету және жобаларды жүзеге асыруға толық дайын…» делінген.

Ал жарты жыл өткен соң, жария түрде келісімге қол жеткізілгеннен кейін, «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС мен «Дивизион “Сеть”» ( «Қазақтелеком» АҚ филиалы) арасында 449 млн теңге көлеміндегі келісім-шартқа қол қойылған. Бұл шамамен 1 миллион АҚШ* доллары. Ең маңыздысы, бұл келісім айтарлықтай конкурс арқылы емес, «бір көзден» стапы алу әдісімен жүзеге асырылған.

Қазақстанның миллиондаған доллар келісім-шарттары Huawei-ге конкурссыз кетіп жатыр
 «Самұрық-Қазына» сатып алу сайтынан скриншот

Келісімшарт мәні — «Huawei Technologies Co LTD компаниясы өндірген телекоммуникациялық жабдыққа кешенді кепілдікпен кейінгі техникалық қолдау көрсету (жөндеу/ауыстыру)». Келісімшарттан түсінікті болғандай, бұл жабдықтың маңызды ақауларына ғана емес, сонымен қатар желінің өнімділігіне әсер етуі мүмкін бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелеріне де қатысты.

Сонымен қатар қытайлық компания апаттық жағдай туындаған кезде «Қазақтелекомға» көмек көрсетуі қажет. Келісімшартта басқа сценарийлермен қатар мынадай жағдайлар көрсетілген: ақпараттық қауіпсіздіктің осал тұстарын анықтау және оның салдарынан қызметтерді немесе басқаруды толық я болмаса жартылай жоғалту қаупі (хакерлік шабуылдар, бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе жабдықтың осал тұстарын пайдалану, жабдықты басқаруға рұқсатсыз қол жеткізу).

Келісімшартта «қолдау көрсетілетін» жабдықтың толық тізімі бар. Ұзақ тізім ішінде «ПО СОРМ NGN» аббревиатурасы да бар. СОРМ — бұл әдетте жедел-іздестіру іс-шаралары жүйесін білдіреді. NGN (next generation networks) — кәсіби тілде «желілердің жаңа буыны» деп аталады. Оларды құзырлы органдар деректерді алып алу үшін пайдалануы мүмкін.

«Қазақтелеком» және оның еншілес ұйымдарының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық ережелеріне бағынатыны құпия емес. Бұл туралы телекоммуникациялық компаниялар аудиторлық есептерінде ашық жазады. Әдетте, бұл былайша көрініс табады: «Жаңа ережелерге сәйкес, телекоммуникациялық жабдыққа қосымша талаптар қойылады. Олар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін жабдықтың техникалық мүмкіндіктерін кеңейтуді, абоненттердің ақпаратын жинау және сақтау талаптарын қамтиды (ары қарай — «ORA»)».

Дегенмен, «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС жария есептерде мұндай жабдыққа қолдау білдіретінін көрсетпеген.

«Қазақтелеком» филиалының қытайлық серіктеспен жасаған келісім-шартына оралсақ, ашық деректер порталы арқылы мердігерге 449 миллион теңге төленгені белгілі болды. Кейінгі актілерге 2024 жылдың сәуір айында қол қойылған. Бірақ бұл бағыттағы ынтымақтастық мұнымен аяқталған жоқ. Осыған ұқсас келісім 2024 жылдың мамыр айында қайтадан жасалып, қазақстандық компания мен «Хуавей Текнолоджиз» өз қарым-қатынасын 2025 жылдың ортасына дейін ұзартқан. Келісімнің сомасы мен мазмұны өзгеріссіз қалды, оның ішінде хакерлік шабуылдардан қорғау және «ПО СОРМ NGN» жүйесін қолдау шарттары сақталған. Сонымен қатар бұл келісімнің де жеткізушіні таңдау конкурссыз жасалғаны анық көрінеді. Бұл жағдай қытайлық серіктеске сенімнің жоғары екенін көрсететіндей.

Қазақстанның миллиондаған доллар келісім-шарттары Huawei-ге конкурссыз кетіп жатыр
«Самұрық-Қазына» сатып алу порталынан скриншот

Сонымен қатар «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС «Қазақтелекомның» екі еншілес компаниясымен тікелей (конкурстан тыс) келісімшарттар жасасты. Бұл жерде «Кселл» АҚ (Kcell/Activ операторы) мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/ALTEL операторы) туралы сөз болып отыр.

«Самұрық-Қазына» сатып алу порталында көрсетілген 2023 және 2024 жылдардағы келісім-шарттар көлемі 1,3 млрд теңге. Бұл қаржыға «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» компаниясының техникалық қолдау көрсетуі керек.

Қазақстанның миллиондаған доллар келісім-шарттары Huawei-ге конкурссыз кетіп жатыр

«Кселл» акционерлік қоғамымен 200 млн және 122 млн теңгеге жасалған келісімдерде техникалық сипаттама көрсетілмеген, сондықтан нақты қандай қызметтер көрсетілгенін анықтау қиын екенін айта кеткен жөн.

Ал «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясымен жасалған 70 млн теңгелік келісімде қызметтер нақты жазылған: «Huawei Technologies Co LTD» компаниясы өндірген серверлік жабдықты жақсартылған техникалық қолдау көрсету және ақаулы жабдықты ауыстыру қызметтері».

Алайда «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» компаниясымен жасалған келісім-шарттарды талдау көрсеткендей, қытайлық серіктеске тек техникалық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар «косметикалық» құрылыс жұмыстары да сеніп тапсырылған. «Самұрық-Қазына» ашық деректеріне сәйкес, 2024 жылдың наурыз айында «МобайлТелеком-Сервис» компаниясымен 4,4 млрд теңге көлемінде ең ірі келісім-шартқа қол қойылған. Бұл келісім бойынша мердігер осы жылдың соңына дейін «Tele2» желісіндегі құрылыс және жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндетті.

Осылайша, 2022 жылдың күзінде меморандумға қол қойылғаннан бері «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» жалпы көлемі 5,7 млрд теңгеден астам келісім-шарттарды жүзеге асырған.

Қазақстанның миллиондаған доллар келісім-шарттары Huawei-ге конкурссыз кетіп жатыр

«Азаматтық сараптама» қоғамдық қорының директоры және Цифрлық құқықтар коалициясының мүшесі Данила Бектурганов қытайлық техникаларға деген сенім мәселесіне әлі де сұрақтың көп, бірақ оны априори қауіпті деп қарастыру дұрыс емес екенін айтты. Сонымен қатар ол тәуекелдерді нақты түсінудің маңызды екенін айта отырып, интернетті бақылаудың қытайлық тәсілдерін көшіріп алу ықтималдылығына алаңдаушылық білдірді.

Негізгі қауіп тек қытайлық техниканың өзінде емес, интернетті басқаруға қатысты қытайлық тәсілдерде жатыр. Қарапайым тілмен айтқанда, [Internet Governance] — бұл интернетті басқару, бірақ ол тек техникалық басқарумен шектелмей, философиялық, практикалық және этикалық аспектілерді де қамтиды. Қытайдың бұл басқару тәсілі құқықтарды бақылауға негізделген. Бұл тәсіл қазақстандық технологиялық ортаға енген және оларды мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік компаниялардың өкілдері толық қолдаған. Құқықтарды бақылауды басымдық ретінде қабылдасақ, тек қана Қытайға деректердің кетуі емес, Қытай үлгісі бойынша «цифрлық концлагерь» құру қаупі туындайды. Әлеуметтік рейтиңдер мен авторитарлық цифрландырудың басқа да аспектілері Қытайда бірден пайда бола қойған жоқ, бұл ұзақ процесс болды. Қазақстан да осы жолға бет бұрып жатқандай көрінеді, ал таңдалған жолды өзгерту өте қиын болуы мүмкін.

Данила Бектурганов.

«Бір көзден сатып алу» мәселесіне қатысты Бектурганов бұл тек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен шектелмейтінін, сонымен қатар мемлекеттік қауіпсіздік пен маңызды инфрақұрылымға байланысты қауіптер де бар екенін айтады. Бұл – тек Қытай өндірушілеріне қатысты мәселе емес. Сарапшы Қазақстан үкіметі мен Ресейдің «Сбер» компаниялар тобы арасында қол қойылған меморандумды еске салып өтті. Бұл меморандум шеңберінде, оның ішінде, электронды үкімет платформасын трансформациялау жоспарланып отыр.

Шешім ретінде, Данила Бектурганов белгілі бір квоталарды енгізуді ұсынады.

Мысалы: «Құрылымдық инфрақұрылымдық цифрлық жабдық бір өндірушінің өнімінен 25%-тен аспауы керек» деген ереже енгізу қажет. Сонымен қатар жабдық өндірушілер әртүрлі елдерден болуы міндетті. Үйлесімділік мәселесі қазақстандық IT мамандарына байланысты шешілуі тиіс, өйткені бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес, критикалық инфрақұрылым үшін қолданылатын жабдық қандай болса да, софт жергілікті жердікі болуы керек. Бұл тәсіл – көптеген мәселені шешіп, ешбір компания мен елге Қазақстанның цифрлық ортасында үстемдік етуге мүмкіндік бермес еді.

Данила Бектурганов

Factcheck.kz редакциясы «Қазтелеком» компаниясының еншілес ұйымдарына, атап айтқанда, «Кселл» (Kcell/Activ операторы) АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/ALTEL операторы), «Дивизион “Сеть”» бірлестігіне сауал жолдады. Алайда, жауап тек соңғы ұйымнан ғана келді. «Дивизион “Сеть” «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» компаниясымен бір көзден сатып алу тәсілі арқылы келісім-шарт жасағанын растады.

Компания бұл шешімін «Самұрык-Қазына» АҚ және оның тікелей немесе жанама түрде, меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында 50%-тен астам дауыс беруші акциялары бар заңды тұлғаларға арналған сатып алу тәртібін» негізге алғанын түсіндіреді. Бұл тәртіпке сәйкес, тапсырыс беруші стандарттау және бар тауарларды ұқсастыру мақсатында бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. «Дивизион “Сеть”» өкілдерінің айтуынша, мұндай қажеттілік туындауына «Қазтелеком» бұған дейін «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» компаниясынан жабдық сатып алғаны себеп болған.

 «Сонымен қатар “Хуавей Текнолоджиз Қазақстан” ЖШС Қазақстан Республикасында жалғыз авторизацияланған компания және HUAWEI компаниясының телекоммуникациялық жабдықтарын кепілдік қызмет көрсету, техникалық қолдау және жөндеу бойынша эксклюзивті құқыққа ие», — делінген компанияның ресми жауабында.

Анықтама: «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін HUAWEI TECHNOLOGIES (NETHERLANDS) B.V. компаниясы құрған, ал бұл компания Қытай Халық Республикасында тіркелген Huawei Technologies Co LTD компаниясының еншілес ұйымы.

**Есептеулер кезінде 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы АҚШ долларына шаққандағы теңге курсы қолданылды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz