TikTok-та Голливуд актері Том Круздың дипфейк видеосы желіде кеңінен тарады. Актер дипфейк видеода гольф ойнап, фокустар көрсетіп және Михаил Горбачев туралы анекдоттар айтқан. Бұл The Independent сайты хабарлады.
25 ақпаннан бастап @deeptomcruise аккаунтында оқырманды сендіріп, дипфейктер жиі жарияланып жатыр.
@deeptomcruise I love magic!
♬ original sound – Metaphysic.ai
Басылымға жүгінген фотограф Лорен Уайт видеоға түсініктеме берді. Оның айтуынша, TikTok-та фейктер өте танымал болып, қолданушылар жиі бөлісіп жатыр.
«Әрбір адам контентті жасағысы келмесе де, тексерілген аккаунты болуы керек. Себебі мәліметтерді және фейк аккаунттарды оңай анықтауға болады», – деді ол.
Сонымен қатар, басылым Лондон университетінің есебіне жүгініп, дипфейк жасаудың ең қауіпті қылмыс екенін еске салды.
Контекст
Дипфейк — компьютерлік алгоритмдердің ауқымды суреттер базасы арқылы әзірлейтін жалған видео. Дипфейктер адам сөзін я қимылын ғана емес, мимикасы мен эмоциясын да айнытпай қайталайды.