Фактчек | Хабар24: ШҚО қатерлі ісікке шалдыққандар саны бойынша үштікке енді

4 ақпанда 24 kz сайтында «ШҚО қатерлі ісікке шалдыққан науқас саны жағынан елімізде алдыңғы үштікке енді» деген жаңалық шықты. Аталған ақпараттағы бірнеше мәлімдемені factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісік бойынша 18 мыңға жуық адам ресми тіркеуде тұр

Үкім: Жартылай шындық

Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы статистикалық жинағында, жылдың соңында қатерлі ісікпен диспансерлік бақылауда тұрған аурулардың контингенті бөлімінде, ШҚО-да 2017 жылы – 19 649 адам тіркеуде тұрса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 20 158 болған. Ресми деректе сол жылдың жалпы есебі бойынша анықталған науқастар саны көрсетілген.

Фактчек | Хабар24: ШҚО қатерлі ісікке шалдыққандар саны бойынша үштікке енді

Мәлімдеме: ШҚО қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны жағынан елімізде алдыңғы үштікке енді

Үкім: Шындық

Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы статистикалық жинағында, Алматы қаласы – 25 271, Қарағанды облысы – 20 182, ШҚО-да 20 158 науқас тіркелген. Бұл тізімде ШҚО үшінші орында тұр. (Жоғарыдағы кестеден көре аласыздар).

Мәлімдеме: Жылына 4 жарым мың адамнан аты жаман ауру анықталады

Үкім: Жартылай шындық

Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы статистикалық жинағында өмірінде қатерлі ісік диагнозы алғаш рет анықталып, тіркеуге алынған сырқат саны 2017 жылы – 4247 болса, 2018 жылы – 3942 болған. Кестеден науқас санының алдыңғы жылға қарағанда азайғанын байқауға болады.

Фактчек | Хабар24: ШҚО қатерлі ісікке шалдыққандар саны бойынша үштікке енді

Контекст

Төмендегі кестеден қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың анықталған сатысы мен ісікке шалдыққан ағзалары бойынша деректерді көре аласыз.

Фактчек | Хабар24: ШҚО қатерлі ісікке шалдыққандар саны бойынша үштікке енді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz