Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы туралы рас айтты ма?

13 маусымда өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев: “2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға ұлғайды“-дейді. Осы және өзге деректі Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 34:55

Өткен 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой 4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс 4%-ға өсті.

Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылық министрі

Үкім: Шындық

Ұлттық статистка бюросының ақпаратына сай, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі қара мал 4,2%, қой 4,8%, жылқы 10,5%, түйе 6,5%, құстың 4% өсті. 

Атап айтқанда, сауылатын сүт орта есеппен 4,7%-ға ұлғайды, сондай-ақ сойылған ет салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелу көрсеткіші 17,2%-ға өскен.

Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылық министрі

Үкім: Үкім жоқ

Министрдің мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру бойынша ма, әлде мал шаруашылығы көрсеткіштерінің өнімділігін айтқысы келді ме – нақты белгісіз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сай, мал шаруашылығы өнімдерінінің жекелей түрлерін өндіру бойынша 2022 жылы сойылғаны немесе союға өткізілгенінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 0,2%- ға, сиыр сүтінің өндірісі тиісінше 1,9%, тауық жұмыртқасының өндірісі – 4,4%-ға ұлғайды.

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы туралы рас айтты ма?
*дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Ал мал шаруашылығы көрсеткіштерінің өнімділігі бойынша 2022 жылы сауылатын орташа сүт сауымы өткен жылмен салыстырғанда – 2,4 %-ға өскен. Сойлатын ет салмағы алдыңғы жыл деңгейінде қалса, тауықтардың жұмыртқа әлелу көрсетшікі 19,5%-ға ұлғайды.

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы туралы рас айтты ма?
*дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға ұлғайды, ал осы жылдың 5 айында өсім 3,6%-құрады.

Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылық министрі

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 2022 жылы мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі өткен жылға қарғанда 0,8% құрады. Ал 2023 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы мал шаруашылығы өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,5% өскен.

Айта кету керек, пандемияға дейін 2019 жылы ауыл бойынша мәртебе жақсы болған кезеңде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға 3,6 мың тонна, Ресейге 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды.

Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылық министрі

Үкім: Үкім жоқ және шындықққа жақын

Министр жалпы ет экспортын айтты ма, әлде жекелей түр бойынша айтты ма – белгісіз. Алайда Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 2019 жылы “Жаңа, мұздатылған және салқындатылған ет және мүше еттер” бойынша 23 мың тонна ет экспортталған.

Енді жекелей елдерге тоқталсақ, министр келтірген кей деректер рас. Мысалы, Статистика бюросының мәліметінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қытайға 3,6 мың тонна, Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталған. Ал Ресейге экспортталған ет көлемі 2,1 мың тонна емес, 10 мың тоннаға тең.

Депутат Дүйсембинов агроөнеркәсіп кешені бойынша не деді?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz