Депутат Дүйсембинов агроөнеркәсіп кешені бойынша не деді?

16 ақпанда өткен Сенаттың пленарлы отырысында депутат Сұлтан Дүйсембинов экспорт пен импорт көлемі жайлы деректер келтіріп, депутат сауалын жолдады. Депутаттың сөзінше тез бұзылатын тауарлар жайлы да айтып өтті. Factcheck.kz еліміздегі экспорт пен импорт арасындағы алшақтықты тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:08:17

2022 жылы 18 млн тоннаға жуық тауар экспортталса, импорт көлемі 8 млн тоннадан асқан [Агро-өнеркәсіптік кешен бойынша – ред.]

Сұлтан Дүйсембинов, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2022 жылы АӨК бойынша қаңтар-желтоқсан айында 13 млн 140 мың тонна тауар экспортталса, 9 млн 909 мың тонна тауар импортталған. Экпорт 5,5 млн АҚШ долларын құраса, импорт 5,8 млн долларға жеткен.

Оның ішінде тез бұзылатын тауарлар экспортының көлемі 3,2 млн тоннаға, импортталған тауарлар көлемі 1,2 тоннаға жеткен [Агро-өнеркәсіптік кешен бойынша – ред.]

Сұлтан Дүйсембинов, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, дәл АӨК бойынша тез бұзылатын тауарлардың статистикасы жүргізілмейді. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі де бұндай статистиканың жоқ екенін айтты. Дегенмен жалпы экспорт-импорт арасында тез бұзылатын тауарлар туралы статистика бар. Ондағы ақпаарат бойынша, 2022 жылы экпорт 1 657 300 тонна, импорт 1,1 млн тоннаны құрайтын тауар тез бұзылатын санатқа енген.

АӨК деген категория бойынша тауарлардың тізімі жоқ. Әр тауардың атауы бойынша бөлек кодтары бар. Сол кодтарға байланысты тез бұзылатын тауарлардың бекітілген тізімі бар. Сол бойынша жасалады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz