Депутат Саурықов туризм саласы жайында не деді?

20 наурызда өткен мәжілістің кезекті отырысында депутат Ерболат Саурықов туризм саласы жайында сөз қозғап, депутат сауалын жолдады. Саурықовтың айтуынша, туризм халықаралық инвестицияның 11%-ін құрайды, ал одан түскен табыс мұнай мен автокөлік табысынан кейінгі тұрақты 3-орынды алады. Аталған деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 2:43:59

Мәлімдеме: Туризм әлемнің жалпы ұлттық өнімінің 10/1 бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын құрайды.

Ерболат Саурықов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметінше, туризм әлемнің жалпы ұлттық өнімінің 10/1 бөлігін және халықаралық инвестицияның 11%-тен астамын құрайды. Ал 2019 жылы туристік сектор бүкіл әлем бойынша 300 миллионға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етті.

Мәлімдеме: Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері мен автокөлік экспортының табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді.

Ерболат Саурықов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындыққа жақын

Дүниежүзілік туризм ұйымының дерегінше, туризм саласынан түскен табыс мұнай өнімдері мен химикаттан кейін тұрақты 3-орында келетіні рас. Депутат керісінше екінші орында автокөлік экспортын мысал ретінде келтіреді, бірақ ресми дерек бойынша екінші орында химикаттар тұр.

Контекст

  • Пандемияға дейін туризм саласы әлемдік сауданың 7%-ін құрайды;
  • Кейбір елдер үшін туризм ЖІӨ-нің 20%-тен астамын құрайды;
  • Әрбір оныншы жұмыс орны туризм саласына тиесілі, ал дамыған елдерде миллиондаған адамдар туризм арқылы табыс тауып отыр;
  • Тіпті кейбір шағын аралдар және дамушы мемлекеттер экономикасының 80%-ін туризм құрайды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz