Депутат Орынбасаров кәдеге жарату алымы туралы не деді?

28 наурызда өткен сенат отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздегі кәдеге жарату (утильсбор) жайында пікір білдірді. Депутаттың айтуынша, Қазақстанда кәдеге жарату төлемі заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей. Ал көршілес Ресей мен Беларусь елдерінде тарифтің әлдеқайда төмен екендігін жеткізді. Депутаттың осы және өзге де мәлімдемелерін Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 58:09

Мәлімдеме: Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі (жеңіл автокөлік үшін) заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей.

Бекбол Орынбасаров, сенат депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Үкіметінің “Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы” Қаулысына сәйкес, Қазақстанда жеңіл автокөлік үшін кәдеге жарату төлемі заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей. Тек электр қозғалтқышы бар көлік құралдарына ғана кәдеге жарату мөлшерлемеcі төленбейді.

Қазақстанда жеңіл автокөліктер үшін базалық мөлшерлеме 50 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы — 184 600 тг). Шетелден автокөлік импорттаған жеке не заңды тұлғалар қозғалтқыштың жұмыс көлеміне қарай есептелген коффициентпен кәдеге жарату төлемін жасайды алады. Кәдеге жарату алымының коэффициенті қозғалтқыштың жұмыс көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Базалық мөлшерлемені коэффициентке көбейту арқылы кәде алымын есептейді. Толығырақ төмендегі кестеден көре аласыз.

Мәлімдеме: Ал, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінде жеке тұлғалар үшін жеке тарифтер әлдеқайда төмен болып келеді.

Бекбол Орынбасаров, сенат депутаты

Үкім: Манипуляция және шындық

Инфо: Ресей мен Белорусьте екі түрлі қаулы болғандықтан екі үкім қойдық.

Қай тұсы манипуляция: Ресейде жеке тұлғалар үшін кәдеге жарату мөлшерлемесі қозғалтқыш көлемі 3 мың см кубқа дейін төмен. Алайда 3 мың см кубтан жоғары жеңіл көліктерге жеке және заңды тұлғалар үшін кәдеге жарату алымы бірдей. Депутат айтқандай жеке тұлғалар үшін тариф толығымен төмен емес, осы тұста статистиканы бұрмалап жіберген. Толығырақ төмендегі кестеден көре аласыздар.

Расы: Беларусьте кәдеге жарату төлем мөлшерлемесі расымен де жеке тұлғалар үшін төмен. Қазақстан мен Ресей сияқты коэффициент жоқ. Заңды тұлғалар қозғалтқыш көлеміне байланысты әртүрлі сома төлейді, ал жеке тұлғалар үшін тек бір ғана баға қарастырылған. Толығырақ төмендегі кестеден көре аласыздар.

Мәлімдеме: Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөлікдердің жалпы санының тек 1%-ы жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары шеңберінде сатып алынды.

Бекбол Орынбасаров, сенат депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық банктың “Экономикалық шолуындағы” ақпаратқа сай, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жеңілдетілген кредит арқылы сатып алынған көліктердің үлесі – 1% болды.

Депутат Орынбасаров кәдеге жарату алымы туралы не деді?

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz