Даниал Ахметов ШҚО-ның жаңа әкіміне тікұшақты 162 млн теңгеге қалай жалдады?

2021 жылы біз Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің жүздеген миллион теңгеге тікұшақ жалдамақшы болғаны туралы айтқан едік. Содан бері екі жыл өтті. Өңірді сегіз жылдан астам уақыт бойы басқарған Ахметов 2023 жылғы маусымнан бастап әкім емес. Соған қарамастан ведомство әлі де салық төлеушілердің ақшасын әуе көлігіне жұмсап әлек.

Бұл жолы Factcheck.kz редакциясы ШҚО әкімдігі 2020 жылдан бастап өзіне қарайтын ведомстводан әуе тасымалы қызметін қалай сатып алғанын және Даниал Ахметов ізбасарына қалай тікұшақ жалдағанын айтады.

ШҚО-ның жаңа әкіміне арналған тікұшақтар

Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов президент жарлығымен 2023 жылғы 16 маусымда қызметінен кетті. Ол өңір әкімшілігін 2014 жылдан бері басқарып келді. Ол кеткен соң облыстың жаңа әкімі болып Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Ермек Көшербаев тағайындалды.

8 маусымда Ахметов ШҚО әкімшілігін басқарып отырғанда мемлекеттік сатып алулар порталында әкім аппараты тікұшақ қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру жариялады. Бұған 162 276 785 теңге бөлу жоспарланған. Бір қызығы, өтініш қабылдау уақыты Ахметов қызметінен кетерден бір күн бұрын аяқталған. Нәтижесінде тікұшақтарды Көшербаевтың басшылығы кезінде жалға алған. Тендерді әкім аппаратына қарайтын «Шығыс Қазақстан облысы авиация бөлімі» жеңіп алғанын айта кету керек. Ұйыммен келісімшарт тікелей, конкурссыз жасалған.

Талаптарға сәйкес, мәселе бірінші және екінші санаттағы екі тікұшақты жалға алу туралы болып отыр. Бірінші санаттағы тікұшаққа 22 адам, жолаушыларды есептегенде кабина ішіне 3 000 кг жүк сыюы керек. Ал екінші санаттағы тікұшақ алты адам мен 400 кг жүк тасуға арналған болуға тиіс. Көлік құралдарының бәрі Өскемен әуежайында болып, күнделікті жол жүруі керек, тіпті, демалыста да, мереке күндері де. Қымбатырақ тікұшақ әуеде кемінде 148 сағат, екіншісі – үш сағат болғаны қажет.

Портал дерегінше, тікұшақты жалға алу конкурсы екі лоттан тұрады: біріншісіне 160 276 785 теңге, екіншісіне 2 000 000 теңге бөлінген. Келісімшартқа қол қойған соң сатып алу сомасы азайған. Бірінші жағдайда баға 160 276 731 теңгеге, екіншісіне 1 836 632 теңгеге дейін жеткен. Тікұшақты жалға алуға жалпы 162 113 363 теңге жұмсау жоспарланған. Осылайша бірінші санаттағы тікұшақпен әуеде бір сағат болу үшін салық төлеушілердің  1 082 950 теңгесі, екінші санаттағы тікұшақ үшін 612 210 теңгесі кетеді. 

Сөйте тұра, бүгінгі таңда орындалған сома келісімшартқа қол қойылғанда бекітілгеннен де аз болып тұр. Әзірге әкімдік бірінші санаттағы тікұшақпен ұшу үшін 113 345 972 теңге, екінші санаттағы әуе көлігі үшін ештеңе төлемеген. Десе де, ведомтсво қызметкерлері 39 рет ұшқан. Мемлекеттік сатып алу порталындағы электронды актілерге сәйкес, 15 маусым мен 1 шілдедегі тікұшақ қызметі қымбатқа түскен. Оған қазынадан 7 378 101 теңгеден жұмсалған.  

2022 жылы тікұшақтар қанша болды

Былтыр ШҚО әкімі аппараты осыған ұқсас екі мемлекеттік сатып алу өткізген. Біріншісін 2022 жылғы 17 ақпанда орналастырған, онда жалға алуға 151 785 714 теңге бөлінген. Хабарландыру екі лоттан тұрған: бірінші санаттағы тікұшақ үшін 149 785 714 теңге, екінші санаттағы көлікке 2 000 000 теңге. Талаптар бұған дейінгі тендерлерге ұқсас, тек қымбаттау тікұшақ кемінде 178 сағат, ал екіншісі 4 сағат ұшқан болуы қажет. Екі жағдайда да қызмет көрсетуші ретінде ШҚО авиация бөлімі таңдалған.

Келісімшартқа қол қойылған соң бірінші санаттағы тікұшақтың қорытынды бағасы 149 288 282 теңге, екінші санаттағы — 1 831 007 теңге болған. Алайда жеме жемге келгенде әкімдік одан аз төлеген. Бірінші жағдайда тікұшақты жалға алуға 148 378 294 теңге, екінші жағдайда 1 106 386 теңге жұмсалған. Жалпы әкім аппараты қызметкерлері 166 183 689 теңгеге 60 рет ұшқан, бұл ведомство төлеген сомадан 16 699 009 теңгеге көп. Ең қымбат жағдайда бір рет ұшуға 6 810 229 теңге төленген.

Екінші мемлекеттік сатып алуда бірінші санаттағы тікұшақты 72 611 607 теңгеге жалға алу туралы айтылған. Іс жүзінде әкімдік тек 32 149 818 теңге төлеген. Техникалық сипаттамаларға сәйкес, тікұшақ кемінде 86 сағат ұшқан болуы қажет. Жалпы көлік құралы 36 007 796 теңгеге тоғыз рет ұшқан. Бұл іс жүзінде бөлінген сомадан 3 857 978 теңгеге көп. Ол кезде ең қымбат дегенде тікұшақ қызметіне 6 183 970 теңге кеткен.

2021 жылғы тікұшақ үшін талас

2021 жылғы жағдай бұдан да қызық болған. Әкімдік қызметкерлері қоғам назары ауғандықтан, тікұшақ жалға ала алмаған. Бірінші рет ведомствог 4 қазанда сондай хабарландыру жариялаған. Әуе тасымалына 139 044 196 теңге бөлген. Алайда оған «За нами уже выехали» арнасының авторлары назар аударған. Қоғам резонансынан кейін тендер өтпеген, бірақ кейін қайта жаңартылған.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы жаңа хабарландыруды біздің редакция тапты. Бұл туралы материалды мына жерден көре аласыз. 10 қазанда әкімдікке қарасты ШҚО мемлекеттік сатып алулар басқармасы «uslugi vertoletom klassa 1» деген атаумен жазылған хабарландыру орналастырды. Сома сол күйі қалған — 139 044 195 теңге. Атау мен тапсырыс оны ашық дереккөзден табу қиынға соғуы үшін өзгертілген деп болжам жасауға болады. Конкурсқа қатысуға бір өтініш берілгеніне қарамастан, ол өткізілмеген.

Бірақ билік мұнымен тоқтап қалмаған және тікұшақты жалға ала алған. 2021 жылғы 10 қарашада әкім аппараты бірінші санаттағы тікұшақтарды жалға алу қызметіне үшінші хабарландыру жариялаған. О бастан сома өзгеріссіз 139 044 195 теңге болып қалды, бірақ әкімдік тікұшақты 15 рет пайдалануға 132 166 480 теңге жұмсады. Талап бойынша, ол кемінше 189 сағат ұшқан болуы қажет.

Қоғам резонансына дейін әкімдік тікұшақтар бойынша тағы бір мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізген. 15 ақпанда ШҚО әкімі аппараты бірінші және екінші санаттағы әуе көлігін жалға алуға 108 006 251 теңге бөлген. Ол кезде әкімдікке бірінші санатты екі МИ-8 және одан бір саты төмен біртікұшақ қажет болған. Келісімшарт жасалған соң жалпы сомасы 107 194 119 теңге болған, бірақ билік 105 453 242 теңге төлеген. Бірінші тікұшаққа 55 574 092 теңге, екіншісіне — 48 673 981 теңге, үшіншісіне 1 205 169 теңге кеткен. Барлық тендерді бізге таныс «ШҚО авиация бөлімі» жеңіп алған.

ШҚО әкімдігі жыл сайын тікұшақтарды жалға алуға екі мемлекеттік сатып алу өткізетініне қарап, 2023 жылы тағы бір осындай конкурс жарияланады деп болжауға болады.

Гәп неде?

Жоғарыда айтылған конкурстарға қатысты сұрақ көп. Тендерлердің бәрін «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының Шықыс Қазақстан облысы авиация бөлімі» жеңіп алғанын байқау қиын емес. Оның әкімдікке қарайтынын ведомство атауы ғана емес, мемлекеттік сатып алулар сайты да растайды. Яғни, билік тікұшақ үшін өзіне өзі ақша төлеп отыр деген сөз.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулардың бәрін бір көзден өтпей қалған мемлекеттік сатып алулар бойынша жүзеге асырып отырған. Көбіне қызмет көрсетушілерден өтініш болмағанда немесе олар ұйымдастырушы талаптарына сай келмегенде солай болады. Алайда, тікұшақ жағдайына келгенде жағдай аздап оғаш көрінеді. ШҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы алдымен бірнеше ашық конкурс өткізіп, ол өтініш берілгеніне қарамастан іске асырылмаған болып шығады. Сосын тікелей қызмет көрсетуші таңдалатын тендер өткізіледі (мысалдар мына, мына және мына жерде бар).  

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың электронды актілерінде әкімдік бұрынғыдай ұшу маршруты туралы құжат тіркеуді доғарған (мысалдар мына, мына және мына жерде бар). Сондықтан ведомство қызметкрелерінің жалға алынған тікұшақтармен қайда ұшқанын білу мүмкін емес. Сондай-ақ келтірілген ақпарат бойынша, жыл бойы ұшу сағаты азайып отырғанын, бірақ әуе тасымалының қызметі артып отырғанын көруге болады.

Ең айқын байқалатыны – ШҚО әкімдігі қызметкерлеріне бірінші санатты тікұшақтардың қандай мақсатта қажет екені түсініксіз, себебі техникалық сипаттамаларда ол айтылмаған. Өңірдің экс-әкімі Даниал Ахметов тікұшақтар орманды қорғау мен авиамедиицна үшін жалға алынатынын айтқан. Алайда ШҚО табиғи ресурстар басқармасы осы қызметтер үшін одан аз сомаға осындай тендерлер өткізеді (мысалдар мына, мына және мына жерде бар).

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz