Чарльз Либер деген кім?

2020 жылдың 6 сәуірінде медиакеңістікті, оның ішінде қазақстандық БАҚ-тарды біз ақпан айының басында жалған екенін жазған профессор Чарльз Либер туралы фейк дүр сілкіндірді. Өкінішке қарай, Қазақстанның ең сенімді деген басылымдары мен бір телеарнасы өз аудиториясына жалған ақпарат таратты.

Чарльз Либер деген кім?

Кейбір басылымдар оқырмандары мен көрермендерінен кешірім сұрады, кейбіреулері ешқандай мәлімдеме жасамай, бұндай ақпарат болмағандай өшіріп тастады. Бірақ Google бәрін есте сақтайды, ешқашан ұмытпайды. Тіпті бір БАҚ басылымы фейк ақпаратты әлі күнге дейін өшірген де өзгерткен де жоқ. Барлығын өздерінің ұятына қалдырдық. Десе де мәселенің түп-төркінін түсіндіре кетейік.

Тарап кеткен ақпарат: АҚШ-та Гарвард университетінің танымал биолог-ғалымы Чарльз Либер тұтқындалды. Оған Қытай үкіметі үшін коронавирус жасап шығаруға қатысы бар деген айып тағылды.

Үкім: Фейк

Профессор Чарльз Либер шынында ақпан айында тұтқындалған, бірақ оның себебі мүлдем басқа.

Сол кезде біз ресейлік және украиналық БАҚ-та тараған мәліметтің фейк екенін анықтаған болатынбыз.  

Бұдан бөлек, фейкті ағылшын (ақпан), испан (ақпан) және қырғыз (сәуір) тілдеріндегі тағы төрт фактчекинг редакциялары тарқатты.

Ақпарат қайдан шықты?

АҚШ билігі Чарльз Либерді биолаборатория жасағаны үшін емес, алаяқтық пен өнеркәсіп тыңшылығы үшін айыптап отыр. Ол Қытай үкіметі қаржыландыратын гранттық бағдарламаға қатысып жатқанын жасырған. Бұл бағдарлама бойынша Қытай шет ел ғалымдарына тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, материалдық қолдау көрсетеді. Либерді Ухань технологиялық университетінде сабақ беруге, сонымен бірге университет жанынан лаборатория жасап, басшылық етуге шақырған. Ғалым АҚШ-тың мемлекеттік грантын алғанына қарамастан Қытай ұсынысына келісім берген. Қылмыстық іс қозғауға осы жағдай себеп болды.

Бірақ (!) Ухань вирусология институты туралы мүлдем әңгіме болған жоқ. Либердің өзі вирусолог емес, химик, оның ісінде коронавирусқа қатысты ештеңе айтылмаған.

Бір қызығы, дәлел ретінде келтірілген жаңалықтар ролигінде вирус туралы бірде бір сөз жоқ. Фейк ағылшынша түсінбейтін адамдарға арналған тәрізді. Сондай видеоның бірі төменде. Оған қойылған тақырып та фейк.

Ақпанда пайда болған ақпаратта Либер есімімен қатар осы себеппен тұтқындалды делінген тағы екі ғалым да қатар аталады. Фейк туралы толық мәліметті біздің материалымыздан оқыңыз.

Біздің әдістемелік бөлімімізді қараңыз, Телеграм каналымызға жазылыңыз және миыңызды жалған ақпараттан сақтаңыз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz