Коронавирус туралы жаңа фейктер

Бүгінде коронавирустың атауынан ат үркіп, әлем жұртшылығы үрейде отыр. Тіптен кейбір елдер өз азаматтарын өртеп немесе таспен атқылап жатыр. Бұған ұқсас оқиғалар бізде де болды. Мәселен, сенімсіз ақпарат таралғанннан кейін ШҚО, Зайсан ауданының тұрғындары көшеге шыққан.

Біз Қазақстан және әлемнің өзге де елдеріндегі коронавирусқа қатысты таралып жатқан фейк ақпаратты назарларыңызға ұсынуды жалғастырамыз.


Украиналық ray.net.ua сайты твиттерде мынадай пост жариялады:

Бірден айта кетейік, алдыңғы екі сөйлемде коронавирус туралы ештеңе айтылмаған, бірақ ол Ухань, қытайлық биозертхана және биоқару туралы айтылған кезде аталуы мүмкін. Індеттің өзін үшінші сөйлемде анық көрсетеді: сол арқылы ray.net.ua оқырмандарға тіркестерден өз бетімен монтаж жасап, қорытындыға келуді ұсынады.

ray.net.ua-ға ұқсас Алина Витухновскаяның «Новые известияда» жарияланған «Ресей империясының коронавирусы» материалы бар:

«… бірнеше күн бұрын ғана америкалық Гарвард университетінің  профессоры  Чарльз Либер тұтқындалды. Ол бір уақытта АҚШ Қорғаныс министрлігінің гранттарына және … Уханьдық құпия мекемеге жұмыс істеді. Зертхананы жасау үшін қытай тарапы профессорға бір жарым миллион доллар бөлген».

Алина Витухновская

Соның артынша –коронавирустың ЖИТС-пен байланысы туралы:

Бәрін, әдеттегідей, ретімен талдаймыз.

Пікір: АҚШ-та танымал химик Ч.Либер мен қытайлық екі ғалымға Уханьда $1.5млн –ға биозертхана жасады деген айып тағылып отыр. Биоқару жасауға көмек ретінде Либер Қытайдан ай сайын 50 000 доллар алып отырған.

Үкім: Манипуляция

Бұл үш адамның бір-біріне қатысы жоқ. Олардың барлығы Қытаймен қандай да бір байланысы бар ғалымдар ғана. БАҚ-та олардың есімдері қатар жазылғаннан кейін түсініспеушілік туындаған секілді.

Либер ісі

АҚШ билігі Чарльз Либерді биозертхана жасағаны үшін айыптап отқан жоқ. Ол Қытай үкіметі қаржыландыратын Thousand Talents Program жобасына қатысатынын жасырған. Бұл бағдарлама арқылы Қытай шетелдік ғалымдарға тәжірибе алмасу және материалдық қолдау ұсынады.

Либерді Ухань технологиялық университетінде (Wuhan University of Technology) сабақ беруге, сонымен қатар университет жанындағы зертхананы басқаруға шақырып, ол келіскен. Оған расымен, ай сайын 50 мың доллар жалақы береміз деген, ал зертханаға 1,5 млн доллар бөлінген. Бұл көптеген фейктерде аты аталатын, вирус жасалды деп мәлімдеген және конспирологиялық теориялар солай дейтін Wuhan Institute of Virology зертханасы емес.

Гарвард университетінде ұстаздық етіп және басқа лабараторияның басшысы бола тұра Либер отанында демеуші іздеген. Мемлекеттік гранттарды алу үшін ғалым басқа университеттер мен мемлекеттердің материалдық қолдауы туралы айту керек болатын. Либер қытайлық грант берушілер туралы жақ ашпауды жөн көрген. Оны сол үшін және тыңшылық жасауы мүмкін деп айыптап жатыр.

Америкалық ғалымдардың Қытайдың осы тектес академиялық бағдарламаларына қатысуы – АҚШ-та бірінші рет күдік тудырып тұрған жоқ.

Биозертханаға келер болсақ, мұнда бәрі біртекті емес. Либердің өзі химик, оның америкалық зертеу тобы негізінен биология мен медицинада пайдалануға арналған наноматериалдармен айналысады. Сотта қарастырылып жатқан құжаттарға сәйкес, ғалым қытайлықтармен «электротранспорт құралдарына арналған наносым негізіндегі жоғары сапалы литий-иондық аккумуляторларды терең зерттеу және дайындау» туралы келісімге қол қойған.

Science журналының айтуынша, Либер аккумулятор емес, наносым жасаумен айналысқан: «аккумулятор», «батарея», «транспорт» және т.б.сөздерді оның америкалық және қытайлық жұмыстары мен патенттерінен іздеп, ештеңе таппадық. Наноөндрісімен айналысатын Либердің бұрынғы шәкірттерінің бірі анонимді түрде пікір беріп, Либердің бұл тақырыптарға қызықпағанын айтты.

Ухань технологиялық университеті жанындағы зертханада қандай дүниелер жасалғаны туралы сенімді ақпарат, әзірге жоқ.

Сынақтар мен тыңшылық

Либермен бірге ұсталды делінген қытайлық екі ғалымға шын мәнінде не болғанын анықтайық.

Қытай азаматы  Заосон Жен бостондық Beth Israel Deaconess Medical Center-де рак жасушаларын зерттеумен айалысқан. 2019 жылдың 9 желтоқсанында ол жұмыс орнынан биологиялық материалы бар 21 сынауықты ұрлап отанына ұшып кетпек болған. Әуежайда бейстандартты багажды анықтап,  ғалымды тұтқындады. Тергеу кезінде Жен бұл әрекетін «зерттеуді үйде жалғастырғым келді» деп түсіндірді. Енді оны 10 жыл түрмеге қамап, үлкен көлемде айыппұл салуы мүмкін.

Женге қарағанда қытай азаматы Янкин Йе тұтқынға алу туралы арыз дайын болғанша үйіне ұшып кеткен. Йе АҚШ-та өзін студентпін деп таныстырып, шындықты жасырып қалды: үйде ол Қытай коммунистік партиясы жанындағы Қорғаныс технологиялары ұлттық университетінде оқыды, сонымен қатар Қытай Халық-азаттық әскерінде лейтенант дәрежесіне дейін жеткен. Америка жерінде Йе Бостон университетінің физика, химия және биомедициналық инженерия кафедрасында зерттеумен айналысып, тыңшы болған. Ол АҚШ туралы әскери ақпаратты Қытайға жіберіп отырған. Йе-ге осындай айып тағылып отыр.

Көріп отырғанымыздай үш ғалымның тұтқынға алынуының бір-біріне қатысы жоқ. Сонымен қатар олар мен коронавирус арасында мүлдем байланыс көріп тұрған жоқпыз.

Ал енді  коронавирусқа келсек…

Екі пікірді тарқатамыз.

  • Бұрынырақ үндістандық ғалымдар коронавирустың қолдан жасалғаны және оның геномы ЖИТС-ке ұқсайтынын мәлімдеген
  • Коронавируста «ЖИТС инсерциясы» бар, олар вирус табиғатының жасандылығына байланысты қауіп тударады. Табиғатта коронавирус вирус қабатының мутациясына түспей ЖИТС генін кездейсоқ алуы мүмкін емес

Үкім: Жалған

Осы және осыған ұқсас фейктер үндістандық ғалымдар зерттеу жүргізу барысында коронавирус пен ЖИТС құрылысының ұқсастығын анықтағаны туралы мәлімдемеден кейін шыға бастады. Зерттеу академиялық жұмыстар репозиториі – biorxiv.org-та жарияланды.

Мұнда маңызды детальды ескеру керек: biorxiv.org-тегі зерттеулерді ешкім тексермейді, препринтке, яғни, әлі жарияланбаған жұмыстарға жатады. Сайттың биосында былай деп жазылған: «авторлар біздің ресурсымызда препринттерді жариялайды, сол арқылы басқа ғалымдар да оларды көріп журналдарда жарияланбас бұрын фидбэк жасайды».

Үндістандық ғалымдардың зерттеуі академиялық орта тарапынан үлкен сынға ұшырады. «Авторлар ЖИТС-ке байлап қойған гендердің ұқсастығы вирустың барлық түрінде кездеседі», – дейді Мэриленд университетінің медицина кафедрасында  жұмыс істейтін, иммунология және микробиология профессоры Мэтью Фриман BuzzFeed News-ке берген сұхбатында. Оған Америкалық жұқпалы аурулар қоғамының мүшесі Амеш Адалия да келіседі: «Гендер ЖИТС –ке ұқсайтыны анықталса да, бұл жаңалық емес».

Қазіргі уақытта үндістандық ғалымдар жұмыстарын қайтарып алды. Ал biorxiv.org мынадай ескерту жазып қойды:

Біз 2019-nCoV коронавирусына қатысты көптеген зерттеу жұмыстарын алып жатырмыз. Олардың барлығы ешқандай сарапшының бағалауынан өтпеген, есебі жоқ алдын-ала нұсқалар екенін ескертеміз. Сол себепті оларды емдеу үшін қорытынды тәжірибе деп қабылдап, дәлелденген ақпарат ретінде БАҚ-та жариялаудың қажеті жоқ.

biorxiv.org

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz