Алматы әкімдігі автобустардың жаңа «мазарына» 324 млн теңге жұмсамақшы

Қазанның басында Алматы әкімдігі қалаға 600 жаңа автобус сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 53,6 миллиард теңгені қалай жұмсағанын айтқан едік. Оған қоса қала маңында осы уақытқа дейін жергілікті тұрғындарды тасып келген жүздеген көліктен тұратын автотұрақ бар.

Мемлекеттік сатып алу порталын қарап отырып, Factcheck.kz редакциясы биліктің қала ішінде тағы бір осындай автотұрақты жалға алып, тағы біраз бос тұрған көліктерді сол жерге апарып тастауға шешім қабылдағанын анықтады. Жаңа «автобус мазарының» салық төлеушілерге қанша тұратынын және қандай екенін айтамыз. 

Жаңа «мазар» қанша тұрады

Биыл Алматы әкімдігі «Ютонгтарды сақтауға арналған жерді жалға алуға» үш рет хабарландыру орналастырған, бірақ мемлекеттік сатып алудың ешқайсысы әлі де жүзеге асырылмаған. Өкінішке қарай, тұрақ орнының нақты мекенжайы белгісіз. Бірақ хабарландыруда Алматының ішінде не қаладан 50 шақырым жерден алыс емес, кемінде 4,9437 гектар аумақ екені көрсетілген. Билік ол жерді 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалға алуды жоспарлап отыр.

Порталда алғашқы тендер 3 ақпанда пайда болды. Билік бұл қажеттіліктерге 273 214 286 теңге жұмсамақ болған. Жеткізуші ретінде барлығы екі өтінім келген, бірақ конкурс аяғына дейін жетпеген. Екінші хабарландыру 10 мамырда жарияланды, бұл жолы сайтты жалға алуға 241 071 429 теңге бөлінді. Жеңімпаз атанған «KazakhInTrade» ЖШС қызмет көрсету үшін 205 000 000 теңге ұсынған, алайда келісім-шартқа қол қойылған жоқ. Екінші жеңімпаз «АланСапа» ЖШС болған, мәміле сомасы 218 400 000 теңге, бірақ бұл жолы да келісім-шарт жасалған жоқ

Үшінші хабарландыру 18 қазанда жарияланды. Бұл жолы билік жерді жалға алу үшін 184 348 709 теңге бөлді. Ал 4 желтоқсанда «DARHAN» ЖШС жеңімпаз атанғаны белгілі болды.

Үш хабарландырудың да техникалық ерекшеліктерінде пайдалану мерзімі аяқталған көліктерді жинап, сақтау үшін аумағы 5 гектар жер қажет екендігі жазылған. Барлығы 923 автобусқа қызмет көрсету жоспарлануда, оның ішінде: ЛиАЗ 529 — 28 дана, ЛиАЗ 4292 — 50, ЛиАЗ 6213 — 15, ЛиАЗ 5292 — 41, ГАЗель NEXT — 39, ПАЗ Вектор — 5, ПАЗ-320402-05 — 10, Yutong ZK 6120 HGМ — 199, Yutong ZK6118hga — 398, жолаушыларға арналған KingLong – 4 және Youngman JNP612OGDZ – 134 дана. Кейінірек көліктер саны сәл көбірек екені белгілі болды.

Оған қоса, көлік тұрағын екі метрлік қоршаумен жауып, бейнебақылау камералары орнатылады, ені 4,5 метр темір қақпалармен жабдықталған кіреберіс екі күзет бекетімен бақыланады. Автобустардың аккумуляторлары мен мотор майын сақтайтын 200 шаршы метр қойма да орналасады. 

Ол жерге қанша автобус «жерленеді»

Жоғарыдағы хабарландыруларда жаңа «автобус мазары» туралы нақты жазылмаған. Алайда, мұны «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің автобустар мен троллейбустарды тасымалдау қызметін сатып алу туралы 9 қарашада жариялаған хабарландырудан білуге болады.

Сипаттамаға сәйкес, қала билігі тіркеп сүйреуге жарамсыз 1 123 автобусты тасымалдауға 140 375 000 теңге жұмсамақ. «Алматыэлектротранс» жаңа автобус тұрағының аумағын кеңейтіп, одан да көп бұзылған көліктерді сонда апаруды шешкен көрінеді.

Осылайша, Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылдық округі, Жетіген ауылы, Ломоносов, 2 «а» мекенжайынан 923 автобусты алып кетеді. Google-картаға жазсаңыз, «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің бұрынғы «автобус мазары» сол жерде орналасқанын көруге болады. Қалған 200 көлікті «Восток» автобус паркінен, тағы 100 көлікті «№1 троллейбус паркінен» тасымалдау жоспарланып отыр.

Техникалық ерекшелікте автобустар мен троллейбустардың нақты қай жерде тасымалданатыны көрсетілмеген, тек мекен жайдың «бастапқы нүктеден 70 шақырымнан алыс емес» жерде орналасқаны айтылған. Көліктерді келісім-шартқа қол қойғаннан кейін 15 күн ішінде апарып тастайды.

Осылайша, әкімдік жаңа «автобус мазарына» мемлекет қазынасынан 324 723 709 теңге жұмсайтыны белгілі болды. 

Ескі «мазардың» құны

Жетіген аулындағы ескі автотұрақтың күтіміне құзырлы органдар қанша теңге жұмсағанын анықтадық. «Алматыэлектротранс» мәліметі бойынша, Жетігендегі қойма алаңын жалға алуға 2021-2022 жылдары 202 149 785 теңге жұмсаған. Сонымен қатар, 2021 жылы «Алматыэлектротранс» ZHANARNA LTD ЖШС-не 595 автобусты тұраққа жеткізгені үшін 89 250 000 теңге төлеген.

Тасымалдаушы компания Жетіген ауылындағы қойма алаңы парктердің өндірістік қуаты соғылған, есептен шығарылатын немесе басқа да себептермен жөндеуді талап ететін, сондай-ақ 2013 жылы өндірілген автобустарды сақтауға мүмкін болмаған соң жалға алынғанын хабарлады. Бұл ретте автобустардың есептен шығарылмайтыны, жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қайтадан қала бойынша жолаушыларды тасмылдайтыны айтылды.

Сөйтіп, ескі «мазарға» салық төлеушілер 291 399 785 теңге шығындаған. Бұл жұмыс істемейтін көліктерге арналған жаңа тұрақ құнынан 33 323 924 теңгеге арзан.

Контекст

2023 жылы шілдеде Қазнетте Алматы облысы Жетіген ауылында орналасқан «автобус мазарының» фотосуреттері тарады. Қоршалған автотұрақта кейінгі кезге дейін қалалық көшелерінде жүрген жүздеген автобустар қатар-қатар, кейде бірінің үстіне бірі орналасқан. Қазір олардың көпшілігінің дөңгелегі жоқ, әйнектері сынған, іші бөлшектелген, көптеген қосалқы бөлшектері жетіспейді.

Жұртшылықтың наразылығынан кейін «Алматыэлектротранс» ол жерде жөндеуді талап ететін автобустар тұр деп хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы «мазарда» 97-ге жуық автобус болса, 2023 жылға қарай олардың саны 823-ке жеткен. Сондай-ақ, ол жердегі көліктің 15-і ғана қалпына келтірілетіні айтылды, ал 157-сі Алматы облысының балансына берілген.

Көлік қоқысына апарылған қалалық автобустар туралы ақпарат жұртшылықтың ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің де сынына ұшырады. Атап айтқанда, қала басшылығы автобустарды жөндеуге тырыспай, оның орнына тағы 600 бірлік жаңа көлік сатып алғаны туралы мәселе көтерілді.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz