1980 жылдан кейін туғандар зейнетақы ала ма?

Кейінгі күндері әлеуметтік желілер мен чаттарда “1980 жылдан бергіде туылғандар мемлекет тарапынан зейнетақы алмайды” деген сарында ақпарат тарап жүр. Бұл ақпаратты БЖЗҚ-ның Түркістан облыстық филиалы баспасөз жиынында мәлімдепті- мыс. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

1980 жылдан бергіден туылғандар мемлекет тарапынан зейнетақы алмайды.

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, бұл ескі видео, 2018 жылы Ontustik арнасында жарияланған. Сол кезде де интернет кеңістікте дәл осылай шу шығып, түсініспеушілік болды. Екіншіден, 1980 жылдан бері дүниеге келгендер жалпы зейнетақы емес, мемлекет тарапынан берілетін ынтымақты (солидарную) зейнетақыны ала алмайды. Себебі 2018 жылғы 1 шілдедегі өзгеріс бойынша, ынтымақты зейнетақыны 1998 жылға дейін кемінде жарты жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ғана алады. Ал 1980 жылы туғандар 1998 жылы енді еңбекке араласып, ресми құқыққа ие болды. Яғни бұл – манипуляция.

Контекст

  • БЖЗҚ-ның мәліметі бойынша, зейнетақы мемлекеттік бюджет (базалық және ынтымақты зейнетақы) және қордағы жинақ арқылы төленеді;
  • Қазіргі уақытта 11 935 430 салымшыда жеке зейнетақы шоты бар, олардың жинаған сомасы 15,1 трлн теңге;
  • Зейнет жасы ерлерде – 63 жас, әйелдерде биылғы жылдан бастап 2028-не дейін – 62 жас болып өзгертілді;

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz