Фактчек | Сенатор Нұралиев ауылдағы өмір туралы

Парламенттің екі палатасының маусымдағы бірлескен отырысында премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің 2020 жылға арналған жұмысы туралы есеп берді. Сенатор Абдалы Нұралиев ауылдағы өмірге қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, біз бүгін тексеріп жатқан бірқатар мәлімдемені жасады.

Мәлімдеме: …ауылды елді мекендердің 36%-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген.

Абдалы Нұралиев

Үкім: Шындық

Ресми дереккөздер бойынша, 2020 жылдың қазан айына қатысты ақпаратқа сәйкес, 6 341 ауылдың 4 078-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, орталықтандырылмаған суға қосылмағаны – 35,6%. Сонымен бірге, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ауыл тұрғындарының 86,4%-і ұйымдастырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.

Мәлімдеме:… жергілікті маңызы бар автожолдардың 45%-тен астамы жөндеуді қажет етеді.

Абдалы Нұралиев

Үкім: Жартылай шындық

Республикалық және жергілікті автожолдар желісі жағдайы туралы бұған дейін бірнеше рет жаздық. ҚР МІІБ есебінен алынған есеп негізінде 2020 жылдың соңына қарай жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары үлесі «жақсы және қанағаттанарлық жағдайда» 75%-ке жетті. Сонымен, республика бойынша есеп авторлары логикасы бойынша, жергілікті желі жолдарының қалған 25%-і қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, сенатор бірнеше облысқа – Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарына тән қолайсыз жағдайды көрсетті. Мұнда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі – 34%-тен 69%-ке дейін.

Мәлімдеме: Электр желілерінің 58%-і тозды.

Абдалы Нұралиев

Үкім: Шындық

2020 жылдың соңында lsm.kz ресурсы Энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып, Қазақстандағы электр желілерінің тозуы 60%-ке тең болғанын хабарлады. «Электр энергетикасы мен энергия нарығының қазақстандық операторы» АҚ сайтында да осындай ақпарат lsm.kz-ке сілтеме жасай отырып 2020 жылдың басында берілді. Сонымен бірге, мысалы, Батыс Қазақстан облысында электр жаңартуды қажет ететін желі үлесі – 82%.

Мәлімдеме: Статистика бойынша, 2020 жылы ауыл тұрғындарының көші-қон деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда 60% өсіп, 80 мыңнан астам адамға жетті.

Абдалы Нұралиев

Үкім: Жартылай шындық

Ұлттық статистика бюросының 2020 жылғы мәліметі бойынша, ауыл тұрғындарының ішкі көші-қон сальдосы 79 893 адам болды. Солайша, осынша азамат Қазақстан қалаларына келді. 2017 жылы ауыл халқының көші-қон сальдосы – 48 285 адам болды (14 837 – аймақаралық көші-қон, 33 448 – аймақтық). Осылайша, 2020 жылы ауыл тұрғындарының көші-қон деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда 65% өсті.

Дегенмен 2016 жылы бұл деңгей қазіргіден жоғары болды – 84 481 азамат ауылдан қалаға қоныс аударды. 5 жыл ішінде ауыл тұрғындарының Қазақстан Республикасы қалаларына қоныс аударуы туралы мәлімет мына кестеде:

Фактчек | Сенатор Нұралиев ауылдағы өмір туралы
Factcheck.kz. Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz