Журналист Сырым Итқұловты бұрынғы әріптестері “харассмент жасады” деп айыптады

Журналист Сырым Итқұлов бұрынғы әріптестеріне “харассмент жасаған” деген ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Әсем Ғұмарова Instagram-парақшасына жазды.

Әсем Ғұмарова 2021 жылы Сырым Итқұловпен бірге Orda.kz редакциясында істеген. Оның айтуынша, сол кезде Итқұлов оған анайы әзілдер айтқан, бірнеше рет денесін ұстаған.

Сырым Итқұлов Әсем Ғұмаровамен жеке сөйлескенде, ісін мойындап, кешірім сұраған. Дегенмен жария түрде “кешірім сұраймын” деген уәдесін орындамаған.

Журналистті тек Ғұмарова емес, бірнеше әріптесі “харассмент көрсеткен” деп айыптап отыр. Оған қоса олар Итқұловтың хиджаб киген қыздарды мазақ еткенін жазды.

Ал Итқұлов мұндай әрекетке бармағанын, әріптестерін қорламағанын, кемсітпегенін мәлімдеді.

Factcheck.kz