Журналист Махамбет Әбжан тоғыз жылға сотталды

Журналист Махамбет Әбжан тоғыз жылға сотталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Әбжанға қатысты үкімді Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Оған “көрінеу жалған ақпарат тарату” (274-баптың 3-бөлігі) және “бопсалау” (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.

Еске салайық, 39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылғы 3 шілдеде ұстады. Ол “кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады” деген күдікке ілінген.

Factcheck.kz