Түрлі елде жалған ақпарат туралы қандай заң қабылданғанын қалай білеуге болады?

Әлемде дезинформация саны күрт өсуіне байланысты журналистерге осы мәселе бойынша қандай заң қабылданып жатқанын білу өте маңызды. Осыған орай бразилиялық Agência Lupa редакциясының журналистері дезинформацияға қарсы күресу мақсатында әлемде қандай заң қабылданып жатқанын көрсететін интерактивті карта әзірледі.

LupaMundi құралы әр елдің жалған ақпаратқа қарсы заңнамасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет береді. Оқырмандар бұл заңдардың негізгі, яғни, шынайы мақсатын біліп, “журналистердің құқығы шектеле ме, жоқ па?” деген сұраққа жауап ала алады.

Agência Lupa атқарушы директоры Наталья Лил әр елде болып жатқан жағдайдан сабақ алу керек екенін мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемені ICFJ бағдарламасы аясында жалған ақпаратқа қарсы заңдарды бақылауға арналған өткен вебинарда айтты.

Ijnet.org мәліметінше, Agência Lupa Бразилияда болып жатқан оқиғаларға назар аударды. Наталия Лилдің сөзінше, әлемде жалған ақпаратқа қарсы қандай заң қабылданып жатқанын, процесс қалай жүзеге асқанын білмейінше нақты шешім шығару қиын.

LupaMundi дейтін қандай құрал?

LupaMundi — Біріккен ұлттар ұйымына (БҰҰ) мүше 193 мемлекеттің 118-інде, жалған ақпаратқа қарсы қандай заңдар бар не қабылданғалы жатқан заң туралы деректерді сақтайды. Лилмен бірге оның әріптесі, Agência Lupa компаниясының өнімді талдау жөніндегі маманы Флавия Кампузано да форумға қатысты. Оның сөзінше, бұл құралда әлемдегі дезинформацияға қатысты заңдарды бақылап қана қоймай, қолданушылар деректерді өздері де тексере алады.

Қазіргі LupaMundi құралы ағылшын және португал тілдінде қол жетімді. Бірақ жоба авторлары жақын арада француз, араб және испан тілінде қол жетімді етпек. Кампузаноның сөзінше, карта әрдайым жаңарып отырады.

Біз жұмысымызды жалғастырамыз. Әрине, кейбір түзету қажет болуы мүмкін. Егер нақтылайтын жайтты қажет ететін жерді көрсеңіз, бізге жазыңыз. Оны түзетуге тырысамыз.

Флавия Кампузано.

LupaMundi құралы қалай пайда болды?

Agência Lupa журналисі Наталья Афонсо ICFJ-дің «дезинформацияға қарсы күрес туралы» трениңі кезінде LupaMundi атты құралды жасауды ойлаған. Ол бұл ұсынысын өзі жұмыс істейтін редакцияға, яғни, сайтқа жауапты мамандарының басшысы Марсела Дуартеге айтқан. Кейін бұл жоба ICFJ, Скриппс Ховард қоры және фактілерді тексерудің халықаралық желісінің (IFCN) қолдауымен жүзеге асқан.

LupaMundi әзірлеушілер тобының негізгі дереккөзі — БҰҰ-ның мемлекеттік құжаттары мен жазбалары. Сонымен қатар IFCN және Chequeado ұйымы әзірлеушілер тобының серіктесі. Олар жалған ақпаратқа қатысты жергілікті нарративтерді және т.б. ақпарат жинауға көмектеседі.

LupaMundi-нің басқа қандай мүмкіндіктері бар?

LupaMundi-ді құрастырушылардың ең басты мақсаты — журналистерге, зерттеушілерге және т.б. мүдделі тұлғаларға заңнамаға қатысты маңызды ақпаратты табуға көмектесу.

Біз бұл картаны әзірлемес бұрын, қанша елде мұндай заңдары бар екенін білмедік. Осы тақырыпты зерттеуге қызығатын адамдарға және әлемдегі жағдайды салыстыруды зерттегісі келетіндерге біраз ақпарат бере аламыз деген үміттеміз.

Наталья Лил

Сонымен қатар, Наталья Лил карта жалған ақпарат туралы заңдарға қатысты сарапшылардың дискуссиясын арттырады дейді. Бұған қоса, әр елдегі фейк ақпаратқа қатысты заңның жалпы бағасын сарапшыларға қалдыру керек деп санайды.

Біздің мақсатымыз — деректерді беру. Бізде жалған ақпаратқа қатысты заңды жақсы немесе жаман деп атайтындай нақты жауап жоқ. Сонымен қатар, жалған ақпаратпен күресудің ең ұтымды әрі жалғыз әдісі заңнама деп ойламаймыз.

Наталья Лил

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz