Иран “Азаттық радиосы” президентіне санкция салды

Иран билігі Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флайға санкция салды. Бұл туралы Азаттықтың қазақ қызметі хабарлады.

Санкцияға ұшырағандар ел аумағына кіре алмайды, Ирандағы активтері тәркіленеді.

Басылымның мәліметінше, осы күнге дейін Иран үкіметі жалпы саны 40 адам мен компанияға санкция салған. Мысалы, 2022 жылғы желтоқсанда Азаттықтың Иран қызметі мен франциялық Charlie Hebdo журналын осы тізімге енгізген.

Еске салайық, Ирандағы наразылық 2022 жылғы қыркүйектің ортасында 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Полиция Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстап әкеткен. Кейін қыз ауруханаға түсіп, көп ұзамай қайтыс болды. Елдегі наразылық акциясы әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Иран билігі протеске Батыс елдерін айыптап отыр.

Factcheck.kz