HRW Өзбекстан билігінен белсенділерді босатуды сұрады

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы мен Өзбек адам құқықтары жөніндегі форумы (Uzbek Forum) Өзбекстан билігінен жазықсыз сотталған екі белсендіні тез арада босатуды сұрады. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Биыл шілдеде Қашқадария соты екі белсендіні соттады. Оның бірі — Дилдора Хакимова. Хакимова ақша бопсалады деп айыпталып, 6 жыл 1 айға түрмеге қамалды. Құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, ол қыркүйектің басында босанған. Оған омырау қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Екінші сотталған белсенді — Наргиз Келдиерова. Ол “ақша бопсалады”, “конституциялық құрылымды бұзуға талпынды”, “президенттің намысына тиді” деп айыпталып, 6,5 жылға сотталды.

Құқыққорғау ұйымдары белсенділерді дереу босауды сұрады.

“Өзбекстан үкіметі сынды тұншықтыру үшін екі белсендіге қарсы негізсіз қылмыстық істер қозғады”, – дейді HRW ұйымының Орталық Азия бойынша аға зерттеушісі Мира Ритман.

Factcheck.kz