Грузия оппозициясының жетекшілері Ұлыбританияны шетелдің ықпалы туралы заңға қарсы тұруға шақырды. Олар жаңа заң жобасы бұрынғы кеңестік елдегі азаматтық қоғамға көрсетілген қысым деп санайды. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады.
Оппозиция өкілдері сыртқы істер министрлігі биліктегі партияға халықаралық қауымдастық кімді қолдайтынын ашық көрсетуі керек деп есептейді.
Айта кетейік, Грузияда шетел ықпалына қатысты заң қабылданбақ. Оған сәйкес, үкіметтік емес топтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қаржысының 20%-тен астамы шетелден болса, олар «шетел державасының мүдделеріне қызмет ететін ұйымдар» ретінде тіркелуге міндетті.
Биліктегі «Грузин арманы» партиясы бұл шара Грузия қауіпсіздігі мен егемендігі үшін жасалып жатқанын алға тартады. Дегенмен бұл заңды қолдамайтындар көп. Олар ел астанасы Тбилисиде жаппай наразылық шеруін өткізіп жатыр. Митиңге шыққандардың айтуынша, жаңа заң Ресейдің “шетел агенті” деген заңына ұқсайды.