Эстония ЛГБТК+ некені заңдастыруға рұқсат берді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Эстония парламенті ЛГБТК+ өкілдеріне некесін заңдастыруға рұқсат берді.

Эстония елдің кәмелетке толған екі азаматына жынысына қарамастан некеге тұруға рұқсат ететін заң қабылдады. 20 маусымда Эстония парламенті осы мәселені талқылаған. Сол кезде 54 депутат қолдап дауыс берсе, 34 депутат қарсы болған. Ал бір депутат қалыс қалған.

Эстонияның әлеуметтік қорғаныс министрі Синге Рийсалоның айтуынша, бұл заң азаматтарға тең құқық береді.

Эстония — біржынысты адамдардың некесіне рұқсат еткен ең алғашқы посткеңестік ел. Бұл елдегі жаңа заң бойынша, енді ресми түрде үйленген ЛГБТК+ өкілдері бір-бірі үшін ресми шешім қабылдай алады, мемлекеттен дәстүрлі отбасылар сияқты жеңілдіктер алуға, бірге тұруға мүмкіндігі бар.

Factcheck.kz