Ел азаматтары “Қазақстандағы ЛГБТ насихатына тыйым салу” петициясына қарсы арызданып жатыр

Ел азаматтары “Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салу” петициясына қарысы арызданып жатыр.

2024 жылғы 29 мамырда “Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым” петициясы басталып, оған 50 000 қол жинады. Енді оны үкімет қарайтын болады. Дегенмен петицияға арызданғандардың айтуынша, бұл петиция Қазақстанның заңын және халықарылық міндеттерін бұзады. Сондықтан ол қаралмауға тиіс.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі (90-2-баптың 3-тармағы) адамның құқықтары мен еркіндігін бұзуға әкеп соғуы мүмкін өтініш жасауға тыйым салады. Дегенмен қазіргі петиция стигманы, зорлық-зомбылықты арттырады және Қазақстандағы ЛГБТК+ өкілдерін алалайды. Конституцияның 14-бабының 2-тармағы бойынша, ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа мән-жайларға байланысты кемсітуге болмайды.

петицияға қарсы арызданғандардыі мәлімдемесі

Олардың айтуынша, “ЛГБТК+ насихатына тыйым” заңы қабылданса, елде ЛГБТК+ өкілдеріне дискриминация заңдастырылады және елде зорлық-зомбылық күшейеді.

Factcheck.kz